Мемлекеттік тіл-менің тілім
Ортаңғы «Ақтиін» тобы
Тәрбиеші:Елекенова С.М
Мақсаты: Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі қазақ тілін ұрпақтың бойына сіңіре білуге және туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Қ.Р мемлекеттік рәміздері, жалаушалар,суреттер,қазақтың ұлттық ойындары,ұлттық тағамдары,ұлттық киімдері суреттер ойыны
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Шаттық шеңбері
Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
Туған тілім-далам тілі-өз тілім,
Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Балалар шеңберге тұрып, педагогпен бірге бүгінгі күндеріне сәттілік тілейді.
- Балалар жылдың неше мезгілі бар?
- Жылдың төрт мезгілі бар.
- Жаз,күз көктем,қыс
— Қазір жылдың қай мезгілі.
— Қазір жылдың күз мезгілі.
— Күз мезгілінің айларын атаңдаршы?
— Күз мезгілінің айлары қыркүйек, қазан, қараша.
— Балалар бүгін бізде мереке. Қандай мереке білесіңдер ме?
— Бүгін 22 қыркүйек тіл мерекесі.
Ана тілі-адам болып жаралғаннан бері адамның жан дүниесінің айнасы, мәңгі құрметтейтін бәйтерегі.
Балалар біздер қай елде тұрамыз?
-Біздің елбасымыздың аты кім?
-Біз қай тілде сөйлейміз?
-Біздер қазақша тілде сөйлейміз.Біздің ұлтымыздың тілі ол-қазақ тілі.
— Тіл туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Зере:Ақыл ойы дананың
Ана тілден аламын,
Ана тілін ардақтап
Ақ сүтіндей ананың.
-Жарайсыңдар балалар тіл туралы көптеген тақпақтар біледі екенсіңдер.
Ендеше бәріміз бірігіп ойын ойнайық.
Дидактикалық ойын: «орнын тап?»
Ойын шарты: суреттер беріледі.Орнын тауып орналастырады.
Тәрбиеші:Жарайсыздар балалар.Балалар би билейміз бе?
Ендеше ортаға ұлдар «Қара жорға»
Қыздар «Пиала»биі
Осымен біздің Тіл мерекесіне арналған оқу қызметіміз өз мәресіне жетті.Оқу қызметіне жақсы атсалысып қатыстыңыздар.Сұрақ-жауап арқылы оқу қыхметін қорытындылау.
Бағалау және мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: өз тілі туралы ұғынады, тілдің маңызды екенін біледі.
Игереді: Өз тілінде анық еркін сөйлей алуды.
Меңгереді: өз елінің ұлттық құндылықтарын