+7
с.Кульсары, Куржиманулы Кашаган, 22
қалай өту керек?

Ана-тілін сүйеміз!


Залдың іші шарлармен, суреттерімен, гүлдермен,жазумен  безендірілген.

 Тәрбиеші:

- Қайырлы күн, құрметті Ана тіліміздің мерекесіне жиналған

қауым.

Тіл мерекесіне байланысты өткізгелі отырған «Жұлдызша» тобының

мерекелік ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.

Бұл мерекеміз

Қазақстанның Тіл туралы Заңында Республика халықтарының тілдерін қолдау мен дамыту құқығының негізі бекітілген. Қазақстан Республикасында 130 дан астам ұлттар өмір сүреді.

Әр халықтың тілі қайнар судың тұнбасындай мөлдір, сазды дыбыстарға бай, ұлттың тілі, әні, үні болып шалқар дариядай шалқуда.
Сондықтан біз де бүгін тілдер мерекесіне арнап «Ана-тілін сүйеміз!» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер.
Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті.

Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Өз ана тілін қадірлеп, қастерлемейтін адам жоқ.

Тәуелсіздік тірегінің бірі – тіл. Тіл – халқымыздың қазынасы, сан ғасырлар бойы жүріп өткен жолымыздың шежірсі. Былайғы жерде егемендігіміз баянды болсын десек, ұлттық рухымызға өріс тілесек, туған тілімізді көздің қарашығындай сақтауымыз керек.
Сондықтан, әр адам өзінің ана тілін қорғай да, құрметтей де білуге міндетті.

 

Балалар құтты болсың тілің бүгін,

Ашатын жан сарайын білімдерінің.

Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,

Тіліне зер салындар бұрынғының.

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілің білмеу қандай заңдылық.

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

 

Тәрбиеші:

Тілмен ғана қызық менің тірлігім,

Тату еткен ел мен елдің бірлігін.

Туған тілмен асқақ шығып ізгі үнім,

Туған тілде алып жүрміз біз білім.

Тілсіз жұртым шөптей қурап азады-ау,

Туған тілді қорғап бақшы қазақ-ау.

Сарқылмайтын қуатпенен күш берген,

Туған тілдің қасиеті ғажап-ау!

 

Осымен құрметті қонақтар, балалар, бүгінгі тіл мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Барлықтарымыз әр тілде сөйлесек те, өзіміздің Қазақстан Республикамызды мақтан етіп, жақсы көреміз. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рақмет! Сау болыңыздар!