+7
с.Кульсары, Куржиманулы Кашаган, 22
қалай өту керек?

«Ана тілін сүйеміз!»


«Ана тілін сүйеміз!»

«Бәйтерек» ортаңғы тобы

 

                                             Тәрбиеші: Қосымғалиева С.А.

Ана тілін сүйеміз!

Міндеттері: Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі қазақ тілін ұрпақтың бойына сіңіре білуге және туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Қ.Р мемлекеттік рәміздері, шарлар, жалаушалар.

Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,

Туған тілім-анам тілі-өз тілім.

Туған тілім-далам тілі-өз тілім,

Туған тілім-адам тілі-өз тілім.

 

Сұрақ – жауап:

— Қазір жылдың қай мезгілі.

— Қазір жылдың күз мезгілі.

— Күз мезгілінің айларын атаңдаршы?

— Күз мезгілінің айлары қыркүйек, қазан, қараша.

— Балалар бүгін бізде мереке. Қандай мереке білесіңдер ме?

— Бүгін  тіл мерекесі.

Ана тілі-адам болып жаралғаннан бері адамның жан дүниесінің айнасы, мәңгі құрметтейтін бәйтерегі.

- Балалар біздер қай елде тұрамыз?

- Біздің президентіміз кім?

- Біз қай тілде сөйлейміз?

- Біздер қазақ тілінде сөйлейміз.Біздің ұлтымыздың тілі ол-қазақ тілі.

— Тіл туралы қандай тақпақ білесіңдер?

 

Тақпақтар:

Ақтілек:Ана тілің-арың бұл

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте

 

Айдай: Ана тілім бал тілім

Өзің барда шалқыдым

Өз тілімде ән шырқап

Термелетіп балқыдым

 

Айшабибі: Ақыл ойын дананың

Ана тілден аламын

Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның.

 

Алмат: Тілім барда мақтанам.

Тілім менің аппақ ән

Бірлігімді бүгінгі

Ана тілім сақтаған.

 

Ибраһим: Өсірген ой білімді

Сүйем туған тілімді

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді

 

Фатима: Ана тілді білмесем

Шат-шадыман күлмес ем

Жер бетінде сайраңдап

Қазақ болып жүрмес ем

 

Айлин:Ана тілің біліп қой

Еркіндігің, теңдігің

Ана тілің біліп қой

Мақтанышың, елдігің

  

Дидактикалық ойын: «Кім зерек?»

Ойын шарты: Берілген ұлттық нақыштағы суреттерді пішініне қарай сәйкестендіру.