«Ана тілін сүйеміз»
«Ана тілін сүйеміз» атты тіл мерекесіне
арналған балабақша ішілік вокал
және мәнерлеп оқу байқауының сценариі
«Ана тілін сүйеміз» вокал және мәнерлеп оқу байқауы
Мақсаты:. Балалардың комуникативті тіл құзыреттілігін арттыру, тілге деген құрмет көрсету мен бірге балалардың бойында патритоттық сезім қалыптастыру, ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту.
Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!
Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің бүлдіршіндері!
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған вокал және мәнерлеп оқу байқауына қош келдіңіздер!
Ең алдымен байқауымызды бастамас бұрын әділ - қазылар алқасымен таныс болайық!
Балабақшамыздың меңгерушісі: Нұрлықыз Азанқызы
Әдіскері: Айгүл Түлкібайқызы
Қазақ тілі маманы: Есенгүл Ізтұрғанқызы
Байқау 2 кезеңнен тұрады:
1- кезең:
Мәнерлеп оқу : Ақын - жаззушылардың шығармаларынан тіл туралы өлеңді мәнерлеп ,жатқа айту ( оқу мәнеріне, сахнада өзін өзі ұстауына мән беріледі)
2 – кезең:
Вокал: Тіл туралы әнді орындау (дауыс ырғағы мен орындау шеберлігіне, сахнада өзін өзі ұстауына мән беріледі!
Байқауға балабақшамыздан МАД және ересек топ тәрбиеленушілері қатысады.
Өзгеге көңілім, тоярсың
Өлеңді қайтып қоясын.
Сені айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жоярсың — деп ұлы ақынымыз Абай атамыз айтқандай байқауымыздың І кезеңі бойынша мәнерлеп оқуды бастаймыз!
Қатысушыларымызды кезекпен ортаға шақырып, қошеметтеп қояйық!
«Күншуақ» тобының тәрбиелнушісі Нұрлыбек Әлисұлтаның орындауында «Ана тілім» өлеңі авторы Ысқақ Әкім
Нұрхатов Нұрболат «Ана тілім»
Нұржан Қуандық Ана тілім»
«Балдәурен» тобының тәрбиелнушісі Демесін Әмірханның орындауында Қадір Мырза Әлидің «Ана тілім -арың бұл» өлеңі
«Цветные ладошки» тобының тәрбиелнушіс: Хамидолла Айару «Ана тілім»
Асқар Ақпейіл «Ана тілім»
«Орлята» тобының тәрбиелнушісі Сағиден Аршаттың орындауында «Ана тілім» өлеңі. Авторы: Ысқақ Әкім
Қатысушылармызға рахмет! Өнерлерің шыңдай берсін!
Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің.
Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,
Енді міне жетеді көпке үнім
Байқауымыздың 2 – кезеңі бойынша қатысушыларды кезекпен ортаға шақырамыз!
«Рух пен тіл» әні орындайтын «Күншуақ» тобының тәрбиелнушісі Мақсатова Айлин қарсы алайық!
«Тілім менің ана тілім» орындайтын «Цветные ладошки» тобының тәрбиелнушілері: Тұрлан Айша , Досов Байтас, Аманғали Нұрасыл
«Ана тілім» әні орындайтын «Балбала» тобының тәрбиелнушісі Сәлімбай Айшабибі
«Тілім менің ана тілім» орындайтын «Балбала» тобының тәрбиелнушісі Мұхтар Әсима
«Ана тілім -жырымсың» орындайтын «Орлята» тобының тәрбиелнушілері: Қали Сабина мен Сағиден Аршат
«Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім».
Тәрбиеленушідеріміз барынша өз өнерлерін ортаға салды, енді байқауымызды қорытындылау үшін әділ қазы алқасына сөз кезегін береміз.
Марапаттау:
«Тілім менің болмаса, не етер едім,
Өмір бойы мәңгүрт боп өтер едім.
Егеменді ел болдық, байрағымды
Мақтанышпен жоғары көтеремін».
Осымен тіл мерекесіне арналған «Ана тілін сүйеміз» атты байқауымыз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға рахмет!
Тілімізді қастерлеп! Ана тілін сүйеміз!