+7
с.Кульсары, Куржиманулы Кашаган, 22
қалай өту керек?

Балабақша құрылымы


КМҚК  «Қызғалдақ» бөбекжай – балабақшасы 2012 жылы  ашылып, іске қосылды. Атырау облысы, Жылыой  ауданы, Құлсары қаласы Қ.Күржіманұлы 22 ғимаратта орналасқан. Балабақшада 12 топта 280 бүлдіршін тәрбиеленуде.  Олар «Құлыншақ», «Еркетай», «Бауырсақ», «Ботақан», «Жұлдызша», «Ақтиін» «Балбала» «Кұншуақ» «Балдаурен» «Бәйтерек» «Цветные ладошки» «Орлята» топтары. Оқу – тәрбие процесі қазақ және орыс  тілдерінде жүргізіледі. Педагогикалық қызметкерлер саны – 24, оның ішінде жоғары білімді – 17, арнаулы орта білімді – 12, ,  педагог – модератор – 6 педагог қызмет атқарады.

Балабақша ғимаратының көлемі 878,6 шаршы метр. 12 топқа арналған ойын бөлмесі, ұйықтату бөлмесі, қабылдау бөлмелері бар. Балалардың жас ерекшелігіне сәйкес жиһаздармен, ойыншықтармен жабдықталған. АКТ- на сәйкес топтар ноутбуктармен, интерактивті тақталармен, мультимедиялық проектормен жабдықталған. Педагогтардың шығармашылық жұмыстарын, озат тәжірибелерді зерттеу, тарату мақсатында әдістемелік кабинет жұмыс жасайды. Тәрбиеленушілердің денсаулығын жақсарту мақсатында дене шынықтыру залы әртүрлі ойын жабдықтарымен қамтылған,, шығармашылық бағытта дамытуға арналған саз залы бар, музыкалық аспаптармен қамтылған.

Балабақаша ауласында әрбір топқа арналған беседкалар, табиғи экологиялық таза ағаштардан жасалған ойын алаңдары бар.