Қызғалдақ бөбекжай бақшасы
«Микки маус жаңа жыл кешінде»
«Бәйтерек» ортаңғы тобы
Тәрбиеші: Қосымғалиева С.А.
2023 жыл
Тақырыбы: «Микки маус жаңа жыл кешінде»
Мақсаты: Балаларға жаңа жыл мерекесі туралы мағлұматты жетілдіру. Жаңа
жыл мерекесінің қызықтарын әдемі көрінісерін тамашалау арқылы, қоршаған
ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір-біріне деген достық сезімге,
сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті көрермендер! Ортаңғы «Бәйтерек»
тобының «Микки маус жаңа жыл кешінде» атты ертеңгілігіне қош
келдіңіздер! Кешімізді бастамастан бұрын ортаға «Бәйтерек» тобының
бүлдіршіндерін қарсы алайық!
Музыкамен балалар сахнаға келеді.
Жүргізуші: Балалар, қазір қандай мереке тойлап жатырмыз?
Балалар: Жаңа жыл.
Жүргізуші: Йә, көптеп күткен мерекеміз, жаңа жыл да келіп жетті.
Жаңа жыл, жаңа жыл,
Қош келдің тағы да.
Дайындалып жаңа жыр,
Біз күттік сағына. – деп, мерекеге орай ән шырқайық!
Ән: Шыршаға бардық
Тосын сәт: Ортаға музыкамен Миккимаус кіреді
Миккимаус: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Сендер мені танып тұрсыңдар ма?
Мен сонау алыстан, ертегілер әлемінен келдім. Ой, мына жер не деген әдемі.
Киімдерің қандай әдемі?! Сендер не тойлап жатсыңдар? (балалар:жаңа
жыл)Мен де сендермен бірге жаңа жыл тойласам бола ма? Бірақ, мен досым
Миннимаусты келе жатқанда жоғалтып алдым. Ол менің шақырғанымды
естімей жатыр.
Жүргізуші: Қамықпа, Микикимаус. Біз саған қазір көмектесеміз. Балалар,
қанекей бәріміз бірге Миннимаусты қаттырақ шақырайық.
Миккимаус: Кәнекей балалар менімен бірге Миннимаусты шақырайық
Балалар хормен: Микка, мокко, Миннимаус...
Қоян кіріп келеді
Қоян: Ой, балалар. Кімді шақырып жатсыңдар? Орманда кетіп бара жатып,
сендердің дауыстарыңды естіп қалып, келе жатырмын.
Миккимаус: Сен кімсің? Біз миннимаусты шақырып жатырмыз.
Қоян: Мен ескі жыл қоянмын. Ендеше Минниді бірге шақырайық
Микки, қоян, балалар: Микка, мокко, Миннимаус...
Ортаға музыкамен Миннимаус кіреді.
Миннимаус: Ой, Миккимаус сен осындасың ба? Мен адасып кетіппін.
Миккимаус: Сені шақыруға маған балалар мен қоян көмектесті. Кел, екеуміз
бүлдіршіндермен бірге жаңа жылды қарсы алайық.
Жүргізуші: Минни, қоян біздің мерекеге қош келдіңдер! Бізбен бірге
керемет көңіл күймен жаңа жылды тойлаңдар! Балалар, біздің жаңа жылдық
кешімізге кім жетіспей тұр? Қалай ойлайсыңдар?
Балалар: Аяз ата
Миккимаус: Аяз ата деген кім? Ол кімнің атасы?
Жүргізуші: Аяз ата жаңа жыл сайын келеді. Біз оған өз өнерімізді
көрсетеміз, тақпақ айтамыз, би билейміз, ән айтамыз. Ал ол бізге өзінің
сыйлықтарын табыстайды.
Миккимаус: Ой, қандай керемет! Мен де Аяз атаны көргім келіп тұр.
Жүргізуші: Ендеше, барлығымыз Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық!
Балалар хормен: Аяз ата ауу, Аяз ата ауу...
Ортаға музыкамен Аяз ата мен Ақшақар келеді.
Аяз ата: Амансың ба, ұлдарым,
Аппақ ару қыздарым?
Мен сендерге әкелген,
Құтты болсын жылдарың!
Ақшақар: Амансыздар ма,балалар, ұстаздар, ата-аналар! Өздеріңді сағынып
келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын. Ұлу жылы табыс, береке, бірлік
әкелсін.
Жүргізуші: Қош келдіңдер, Аяз ата, Ақшақар! Біз сендерді тағатсыздана
күттік.
Миккимаус: Аяз ата сізді сыйлықтар береді дейді ғой. Сол шын ба?
Аяз ата: Әрине, мына дорбам - толған сыйлықтар. Өнерлерің дайын болса,
сыйлықтарым да дайын.
Жүргізуші: Аяз ата, біздің бүлдіршіндер өте өнерлі. Бізде ән де, би
де,тақпақтар да бар.
Тақпақтар
Айшабибі: Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз
Алмат А:Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Мерейлі: Дала нұр, қала нұр
Құтты болсын Жаңа жыл
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр
Айбат: Шанамызға мінеміз,
Мәз - мәйрам бо күлеміз
Жарысамыз бәріміз
Жарасып тұр сәніміз
Фатима: Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жанашыр
Ата - әже, әке - ана.
Құтты болсын Жаңа жыл
Айдай: Бүгін біз көңілдіміз
Жаңа жылды қарсы алып
Мерекеге келгендерді
Құттықтаймыз ән салып
Қатты желдің даусы шығады.
Миннимаус: Ой, өте салқын. Тоңып қалдым ғой. Біздің ертегілер әлемі
мұндай суық емес.
Жүргізуші: Микки, қыста қатты суық болғандықтан, біз тоңып қалмас үшін,
қалың киінеміз. Басымызға бас киім, қолымызға қолғап киеміз.
Миккимаус: Қолғап дейсің бе? Ол қандай? Оны қайда киеді?
Жүргізуші: Микки, Минни мұқият қараңдар.Қазір біздің бүлдіршіндер
көрсетеді.
Ойын
Шарты: Балалар 2 топқа бөлінеді. Қуыршақтарға қысқы бас киім, орамал,
етік, қолғап кигізеді. Қуыршақты ең бірінші киіндірген топ жеңіске жетеді.
Қоян: Балалар, менің сендермен қоштасатын уақытым да келді. Жыл бойы
сендерменөткен қызықты сәттерімді ұмытпаймын. Келер жылға сәттілік
тілеймін. Микки, Минни, балалар, қош болыңдар!
Қоян кетіп қалады
Минни: Қоян кетіп қалды ма? Біз тамаша ойын ойнап едік қой. Қоянмен дос
болып кеттік.
Жүргізуші: Минни мұңайма.Біз ескі жылымыз қоянмен қоштасып, жаңа ұлу
жылымызды қарсы аламыз. Балалар, біз келіп жеткен жаңа жыл – ұлу жылы.
Қанекей ұлуды қарсы алайық.
Музыкамен ұлу келеді
Ұлу: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Сендерді көргеніме қуаныштымын. Осы
жылы менімен бірге өткізуге дайынсыңдар ма? Ендеше, келер жылымызда
деніміз сау, аспанымыз ашық болсын!
Жүргізуші: Қош келдің Ұлу. Біздер де қуаныштымыз.Жылымызды сенімен
бірге жақсы қарсы алайық.
Тобымыздың бишілерін шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық.
Би: Аққалалар
Миккимаус шыршаның жанына барады
Миккимаус: Мынау неткен әдемі тал? Бұған неге ойыншықтар іліп
қойғансыңдар?
Жүргізуші: Бұл тал шырша деп аталады. Жаңа жыл қарсаңында барлық
жерлерге шырша құрылады. Біз оны ойыншықтармен әсемдейміз. Балалар,
біздің жаңа жылдық шыршамызға қараңдаршы. Қандай әдемі. Бірақ, бірдеңе
жетіспейтін секілді. Балалар, қалай ойлайсыңдар, не жетіспей тұр?
Балалар: Шыршаның шамы жанбай тұр.
Аяз ата: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Қазір мен сиқырлы таяғыммен шырша
шамын жағайық.
Ақшақар: Қанекей бәріміз бірге: 1,2,3 шырша шамы жан......
Музыкамен шырша шамы жанады.
Жүргізуші: Осындай керемет көңіл күймен, аяз атаға тақпақтар айтып
берейік.
Тақпақтар
Медина: Ән саламыз, би билеп,
Жырдан шашу төгілді
Бүгін біздің Жаңа жыл,
Қандай қызық көңілді
Жасмин: Кең пейілді, мол мейірлі
Сағынышпен табысқан
О, алақай, аяз атай
Келе жатыр алыстан
Асылым : Жүзімізде күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз
Гүлайназ: Бізбен бірге ойнайды
Жаңа жылды тойлайды
Барлық бала бақытты
Болса екен деп ойлайды.
Санжар: Жаңа жыл, Жаңа жыл
Төгілсін жаңа нұр
Сыйлығын сүйретіп,
Келді міне, Жаңа жыл
Ақтілек: Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оранып
Дана: Аяз ата тыңдаңыз
Тақпақ айтып берейік
Ортамызда шыршамыз,
Ойнап бірге, күлейік.
Айбат С: Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын
Миккимаус: Балалар, біз Миннимаус екеуміз сендермен би билегіміз келіп
тұр. Қанекей ортаға шығып, би билейік.
Кенеттен боранның даусы шығып, қар жауады. Сахна қарға толады.
Миннимаус жылап қалады.
Миннимаус: Қар қатты жауып кеттіғой. Енді, қалай билейміз?
Жүргізуші: Минни жылама! Біз қарларды тез-тез жинап тастаймыз.
Ойын
Шарты: 2 топқа бөлініп, қарларды күрекпен жинау. Қай топ көп қар
жинайды, сол жеңіске жетеді.
Миннимаус: Алақай! Балалар өте еңбекқор екенсіңдер.
Миккимаус: Ендеше, бәріміз бірге би билейік.
Би: Миккимаустар
Жүргізуші:Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуаныш көп болсын жаңа жылда.
Ән:Жаңа жыл
Миккимаус: Айтшы, Минни! Жаңа жыл өте қызықты мереке екен.
Балақайлармен достасып үлгердік.
Минни: Йә, Микки! Маған да қатты ұнады. Балалардың арқасында жаңа жыл
мерекесі тамаша өтті.
Ұлу: Көңіліміз көтеріліп қалды. Балалар сендерге үлкен рахмет.
Миики: Балалар, біздің ертегілер әлемінде бір тамашаби бар. Менімен бірге
билейсіңдер ме?
Би: Джингл бэлз
Аяз ата: Балалар, бүгінгі мереке өте көңілді өтті. Ән айттыңдар, би
биледіңдер. Микки мен Минниге көмектестіңдер. Өте өнерлі және еңбекқор
балалар екенсіңдер. Сендерге сыйлығым дайын.
Аяз ата мен Ақшақар балаларға сыйлықтарын таратып береді.
Аяз ата: Балалар, біздің сендермен қош айтысатын уақытымыз келіп қалды.
Бізді әлі көптеген балалар күтіп отыр.
Жүргізуші: Йә, Аяз ата, Ақшақар. Бүгінгі мерекеде бізбен бірге
болғандарыңа, балаларға арнаған сыйлықтарыңа үлкен рахмет. Келесі жаңа
жылда көріскенше!
Балалар: Сау бол Аяз ата, Ақшақар!
Жүргізуші: Балалар, сендерге мереке ұнады ма? Ендеше, «Микки маус жаңа
жыл кешінде» атты ертеңгілігіміз де аяқталып қалды. Осындай жаңа жыл
мерекемізді өткізуге ат салысқан ата-аналар, әріптестер сіздерге мың алғыс!
Көріп, тамашалағандарыңызға рахмет.
Қызғалдақ бөбекжай бақшасы
«Микки маус жаңа жыл кешінде»
«Бәйтерек» ортаңғы тобы
Тәрбиеші: Қосымғалиева С.А.
2023 жыл