Аққала жолдан мүлдем адасты!
(Музыкамен залға ақ көйлек киген тәрбиеші Аққаланы айналып Аққаланың бетіне ақ шарфпен сермеп
айналып билеп қоймайды. Аққала осы кезде «Ойбай-ай, жүруден мүлдем қалдым! Құладым!» - деп
айқайлап
шыршаң артына барып тығылып қалады: қолындағы хатты шырша алдына алдын-ала даярлап қойған шелек
пен сәбіздің қасына тастап кетеді.)
Тәрбиеші: Суық желден Аққала шашылды.
Оның қолындағы хаты, басындағы шелегі және мұрнындағы
сәбізі қар үстінде қалып қойды.
(Осы кезде Түлкі ойнап жүгіріп шыршаның алдына шығады.)
Түлкі: Мынаның бәрі кімдікі?
Хатты өзіме алайын.
Сәбізді мен жемеймін,
Шелекті мен білмеймін! (аяғымен шелекті ақырын теуіп қалады.)
(Түлкі хатты қолына алып жүгіре бергенде алдынан қасқыр шығады.)
Қасқыр: Қайдан жүрсің, құрбым?
Қолыңда не, көрсетші!
Түлкі: Бермеймін, өзіме керек!
Қасқыр: Бер деймін!
Түлкі: Бермеймін!
Қасқыр: «Бересің» - дедім мен саған! (Түлкіге қадымдап келіп қорқытады.)
Түлкі: Ай-яй-яй!
(Екеуі төбелеседі де шыршаның артына кетіп қалады, ал хат шырша алдында қалып қояды.)
(Осы кезде шырша алдына Сауысқан «ұшып» келеді.)
Қарға: қарқ,қарқ
Мынау жатқан не екен? (хатты қолына алып.)
Бұл хат қой!
Кімге жазылса да өзіме алып алайын!
(Хатты алып «ұшып» кетеді.)
Шырша алдына Күшік шығады.
Күшік: Ой-ой-ой! Ой-ой-ой!
Айналайын Аққала қайдасың!
Сені енді қайдан іздеп табамын!
Қоян: Өзіңе де сол керек! Енді мені қумайсың!Енді мені қорқытпайсың!
Күшік: Кешіріңдер, достарым!
Енді сендерге тиспеймін! (Жылап қалады.)
Қоян: Ақтөс, сен жылама.
Достарың саған көмектеседі!
Аққаланы бірге жасаймыз!
(Күшік пен Қоян әрі ойланып бері ойланып тұрғанда,
Ойын: «Аққала»
Аққала шырша алдына келіп тұра қалады.)
Аққала: Қолым, басым орнында (Өзін-өзі сипайды.)
Қалпыма келді достарым!
Енді Атаға барайын,
Хатын қолына берейін!
Ой, хат қайда? (Бәрі хатты іздейді.)
Аққала: Балалардың хатын жоғалттым!
Енді Аязға қалай барамын?
Оған не деп айтамын? (Жылай бастайды.)
Қарға: қарқ,қарқ, мен келдім!
Хаттарың міне, менде.
Аққала: Сауысқан, сен жарадың,
Хатты сақтап қалыпсың.
Көп рақмет, достарым!
Аязға мен жетейін,
Сәлемдемені қолына берейін. (Залдан шығып кетеді.)
Тәрбиеші: Балалар, Аяз Ата келгенше өлеңімізді айтып биімізді билей
берейік. Жұлдыздар , кәне билеріңді көрсетіп көңілімізді көтеріңдер.
Жұлдыздар биі.