«Қызғалдақ» бөбекжай-балабақшасы
Тақырыбы: «Алтын кілт немесе
Буратиноның Жаңа-Жылдық
шытырман оқиғасы».
«Күншуақ» ересек тобы
Тәрбиеші: Коканова Г.Н.
2023ж
Залдың іші жаңа жыл мерекесіне арналып әсем шыршамен безендірілген.
Тақырыбы: «Алтын кілт немесе Буратиноның Жаңа-Жылдық
шытырман оқиғасы».
Міндеті: берілген тақырып бойынша оқиғаларды мейлінше өрбіту, әр
кейіпкерлердің рөлін тәрбиешілермен біріге отырып сомдау. Балалардың
көңіл –күйін осы жаңа жыл мерекесіндегі Буратиноның жолында кездесетін
әр-түрлі қызықты оқиғаларын көре отырып, өздері сол жаңа –жылдық
мерекеде билер мен ән ойындарды ойнау арқылы Аяз –ата мен Ақшақардың
сыйлығын алу.
Жүргізілу барысы:
Балалар залға көңілді әуенмен кіреді. Залда жарық көзі сөндіріледі. Төрде
отырған , пеш түбінде жылынып отырған Әке Карлоға арнайы жарық түсіп
тұрады. Балалар таңдана сол кейіпкерге баса мән беріп таңдана қарасады.
Әке Карло:
Буратино ойыншығы әке Карлоның қолында , ол орнынан тұрып.
Мен күнбе күнгі күйбің тірліктен шаршап кеттім, айналамда ешкім жоқ,
қолымдағы жалғыз ғана ағаштан жасап алған жансыз ойыншық қана бар.
Иә бүгін жаңа –жыл мерекесі, отырып бір армандап көрсем қайтер екен.
Осы жаңа –жылда жер бетінде керемет ғажайыптар болады деп естуші едім,
мүмкін шыныменде орындалар, ә? -Деп армандап жатып әке Карлоның бір
сәт көзі ілініп ұйықтап кетеді.
Сол кезде түсіне Ақшақар енеді.
Ақшақар : орындық үстінде тұрған қуыршақ Буратино қуыршағына
жақындап келіп, сенің аяқ қолыңа жан бітсін, сен ақылды бол, мейірімді бол.
Барлық балаларды үнемі қуантып жүр,көңілін көтер, әке Карлоға бала бол
деп, үстіне жылтыр қаршаларды себелейді.
Сол кезде қуыршақ Буратиноға жан бітіп, оның қол аяғын Ақшақар қозғап
жүргізіп көрсетеді, де қайтадан орнына жатқызады.
Бір мезетте әке Карлоның қасына қара Қоңыз келіп қозғап оятып тұрғызып
жібереді де, өзі кетіп қалады.
Ұйқыдан селт етіп оянып кеткен әке Карло керіліп тұрып , жақсы ұйықтап
біраз тынығып демалып қалыппын, ой керемет түс көрдім , қандай ғажап
десеңізші деп деп тұрған кезде.
Буратино : Қайырлы таң әке Кар-р-ло! Мен кіммін? –деп таңдана сұрайды.
Әке Карло: сенің атың Буратино, сен менің баламсың, сен өте ақылдысың,
мен саған таңғажайыптардың бәрін көрсетемін, жаңа –жылдық шырша
мерекесінде көрсететін боламын. Аяз- ата мен оның сыйлығын және
Ақшақарды көресің, мен саған керемет сыйлық алып беремін.
Буратино : ол не сыйлықтар деген? ғажайып деген не ?Аяз –ата мен
Ақшақар дегендер кім?
Мен солардың бәрін, өз көзіммен көрсем деймін.
Әке Карло: саған сыйлықтар алатын ақшамда әзірге болмай тұр. Балам
Буратино сен сәл шыда, менің міне жалғыз ғана жейдем бар , соны сатып
саған сыйлықтар алып келейін, сен ешқайда кетпе, жарайма?!
Осы кезде Қара қоңыз келіп: Буратино сен ешқайда кетпе, осы жерден күт, -
деп ескертіп кетіп қалады.
Буратино: біраз отырған соң ,жо-жоқ мен бұлай отыра бермеймін, мен
барлық ғажайыптарды жаңа –жылды, Аяз атаны, Ақшақарды , сыйлықты өз
көзіммен көргім келеді, мен жолға шығамын.
Осылайша орман ішімен келе жатса , жолында бір жылтыраған зат көрінеді.
Буратино жерден алып қараса алтын түсті жалтырап жатырған Алтын кілт
екен.
Керегі болар мен бұл алтын кілтті мойныма салып алайын.
Одан әрі келе жатырса, алдарынан түлкі мен жабайы мысық шығады.
Олар музыка әуенімен билеп алады.
Түлкі мен Мысық:
Тұра тұр! Сен кімсің? Қайда бара жатырсың, атың кім? Мойныңдағы не
жалтырап тұрған ? мынау жалтырап тұрған алтын ғой. Бізге бер әкел!
Буратино : тұра тұрыңыздар, менің алтын кілтіме тимеңдер, менің атым
Буратино, мен керемет ғажайыптарды іздеп келе жатырмын.
Жаңа –жыл мерекесін , әсем шыршаны , Аяз –атаны, Ақшақарды және
олардың сыйлықтарын көргім келеді.
Түлкі мен Мысық : а- а, ха-ха ендеше біз саған жол көрсетейік, бәріміз бірге
іздейік жүр бізбен бірге.
Қара Қоңыз: Буратино сен оларға ерме жоғалып кетесің!
Осылайша олар жолда келе жатырса алдарынан Гномдар билеп шығады.
Би: «Гномдар» бір топ ер балалар билеп береді.
Буратино: бізге жол көрсетесіздерме? Біздер Аяз-ата, Ақшақар және
олардың сыйлықтармен ғажайыптарын іздеп келеміз.
Гномдар : міне сіздерге қолдарыңызға шамдар берейік, алыңдар алға қарай
жүре біріңдер, жолдарың қараңғы, сондықтан мына шамдарды ұстап
жүріңдер, деп екі шам береді.
Қара Қоңыз: Буратино сен оларға ерме, алысқа ұзап кетпе жоғалып кетесің!
Буратино және Түлкі мен Мысық: рахмет сіздерге, деп одан әрі келе
жатады.
Алдарынан көптеген қарақшылар шығады. Тоқтаңдар сендер кімдерсіңдер?!
Біз сіздерді алға қарай жібермейміз! –Деп өздері билеп кетеді.
Би : «Қарақшылар» бір топ ер балалалар билейді. Би соңына қарай
қарақшылар Буратино, Түлкі, Мысықты байлап тастайды.
Қарақшы: сендерді жібермейміз қайда барасыңдар?
Буратино: Қарақшы мырзам сіз өте ашулы көрінсіз, сізді көңілдендіріп
сізбен бірге қарақшыларыңызбен бәріміз ойын ойнап, көңіліңізді көтерсек
қайтеді?
Ойын: «Кедергілерден өтіп қарды жинап әкелу».
Ойын барысы: екі керілген жіптің орталарына ленталар тігілген жылтыр
жаңа жылдық жіптер орнатылған, осы жіптің екі шетінен Мысық пен Түлкі
ұстап керіп тұрады , ал одан әрі ортасы бірнеше жерден тесілген матаның
екі шетінен Буратино мен Қара Қоңыз ұстап тұрады, ал қарақшылар бір
шеттен келесі кедергіге дейін жаппай бір мезетте жүгіріп өтеді.
Арғы жақта шашылып жатқан қарларды теріп алып қайта кедергілер
ортасынан және ленталар астымен бергі тарапқа өтеді.
Осылайша ойын басқа балалармен де ойналады.
Қарақшы: біз енді қарақшылар көңілдендік жарайды сендерді босатайық,
қайда бара жатыр едіңдер?
Буратино: біздер Аяз ата- мен ақшақар және олардың сыйлықтарын, бейне
бір ғажайып шыршаны іздеп бара жатырмыз? Жол сілтеңізші?
Қарақшы: Осылай алға жүре беріңдер.
Қара Қоңыз: Буратино сен оларға ерме, алысқа ұзап кетпе жоғалып кетесің!
Түлкі мен Мысық , Буратино үшеуі келе жатырса алдарынан керемет
әдемі шырша шамы жанады және алдарынан Аяз –ата мен Ақшақар шығады ,
олардың қолдарында әдемі алтын түстес сандықша болады.
Барлығы қуанып, балалар да қуанып Аяз- атамен амандасады.
Осы кезде ортада : Ақшақар қыздар билеп кетеді.
Би : «Қысқы Ақшақарлар» . Бір топ қыз балалар билеп береді,
Аяз –ата : Барлық балалар шыршаны қоршап хороводқа тұра қалады.
Аяз –ата : маған айтып беретін, қуантатын қандай тақпақтарың бар, айта
қойыңдар. Буратино қуанып балаларға Аяз –атаға таңданып қарайды.
Нығмет:
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып,
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
Төрехан:
Ақ қырауға малынған
Сақлы да, мұрты да.
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.
Қуандық:
Жаңа –жыл, жаңа-жыл.
Жаңа-жылда , жаңа –жыр
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр.
Жаңа-жылым мол болсын,
Басқан қадамың оң болсын,
Төрле-төрле
Жаңа-жыл
Бізге құтты жыл болсын.
Али –Сұлтан:
Ақ қырауға малынған,
Сақалы да мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.
Айлин:
Оралдың өлкеме
Жаңа –жыл, армысың
Оранды ақ көрпеге
Асқартау қарлы шың
Келді міне жаңа-жыл
Қарсы алайық бәріміз
Күліп ойнап, би билеп,
Ән салайық бәріміз.
Рзабек:
Тамаша сый алып,
Келді Аяз атамыз
Шаттанып қуанып
Шырқап ән айтамыз.
Түлкі тұрып: міне Буратино көрдіңбе?- бұл Аяз- ата, Ақшақар.
Мысық тұрып : ал мынау әсем шырша, -дейді.
Буратино: қандай ғажап еді? Ғажайып деген осы шығар, -деп таңданады.
Қара Қоңыз: Буратино сен әке Карлоны ұмытып кеттің, мен оны барып
алып келейін, ренжіп қалатын болдығой, әйтпесе... ( қара қоңыз әке карлоны
алып келеді).
Әке Карло : амансыңдарма , жаңа-жыл мерекелерің құтты болсын!
Мен Әке Карломын менің Буратино деген балам осындама, сен балам қайда
кетіп қалдың? Мен жейдемді сатып саған үлкен сыйлық алып келдім, ол
мына әдемі кітап, сен білім алсын дегенім, міне сыйлық ол жаңа –жылға
сыйлығым тәттілерім.
Буратино: Әке Карло мен қатты ұялып , қатты қысылып тұрмын, сізден
кешірім өтінемін, мұным дұрыс болмады. Мен сіздің балаңызбын, осы
жақтан жаңа-жылдық ғажайып іздеп келдім, бәрінде көрдім. Достарда
таптым, Аяз ата-ақшақарды да көрдім. Ендеше бәріміз жаңа-жыл әнін бірге
жасыл әдемі шыршаны айналып ән айтып берейікші.
Ән : «Құтты болсын, Жаңа -жыл»
Келді міне жаңа-жылымызда ,
Аяз ата-ақшақарымызда.
Шыршаны олар жағады бізге.
Ойыншықтар әкеледі міне.
Құтты болсын жаңа –жыл,
Жаңа жылда жаңа жыр.
Тілеймін мен бар әлемге,
Құт берекені.
Міне біздің жаңа –жыл мол молсын ,
Басқан қадамың оң болсын,
Төрле –төрле жаңа –жылым менің,
Міне аңсағаным күніміз де келді.
Аяз ата: балалар менің сендерге әкелген сыйлығым мол, ол сыйлықтарым
осы керемет алтын түсті сандығымның ішінде , онық аузын ашатын кілті
алтын болатын , оны мен келе жатып орман ішіне түсіріп алыппын.
Қалай ашамын енді ? Көмектесесіңдерме сандығымды ашуға, мүмкін
біреулерің көрген шығарсыңдар?
Мысық : Аяз ата Буратиноның мойныныда а лтын кілт тағулы тұр , сол
емеспе екен?
Буратино: иә, иә мен келе жатып осы бір жылтыр затты тауып алдым,
ендеше осы кілтті сізге берейін Аяз –ата, -деп ұсынады.
Аяз ата: рахмет Буратино сен мейірімді бала екенсің.
Ал осы кілтпеннен алтын сандығымды ашайын, ішінен сыйлықтарымды
бәріңе таратайын, ақшақар қызым көмектесе ғой,-деп.
Жаңа-жылдық сыйлықтарды барлық балаларға және Буратиноғада ұсынады.
Қортынды:
«Алтын кілт немесе Буратиноның Жаңа-Жылдық шытырман оқиғасы»,
жақсылықпен аяқталды.
Барлық рөлде ойнаған кейіпкерлер қоштасып залдан шығады.