«Су патшалығындағы Жаңа жыл!»
Әсем әуенмен залға кіреді.
Жүргізуші:Балалар бүгін бізде қандай мереке?
Балалар:Жаңа жыл
Жүргізуші:Ия,балалар!Көптен күткен Жаңа жылымыз келіп қалды.
(Ортаға әуенмен Пингвин келіп,хат әкеледі)
Пингвин:Су патшалығынан сіздерге хат беріп жіберді.
Жүргізуші:Хат Аяз атадан екен.Қанекей,хатты оқып көрейін: «Құрметті балалар,мен
сендерді Су патшалығында Жаңа жыл мерекесін тойлауға шақырамын»деп жазыпты.
Балалар,біздерді су асты патшалығына мерекені тойлауға шақырып жатыр.Ендеше
балалар,қонақтар,көзімізді жұмайық,су асты патшалығына барайық.
(Көздерін жұмыс,әуенмен су патшалығына келеді)
Жүргізуші:Балалар,қараңыздаршы қандай әдемі жерге келіп қалдық.Бұл жерде Аяз
атамыз бен Ақшақар көрінбейдіғой.Қанекей,бәріміз шақырып көрейік.Аяз
ата,Ақшақар........
Балалар:Аяз ата,Ақшақар (қайталайды)
(Әуенмен Аяз ата,Ақшақар кіріп келеді)
Аяз ата:Сәлеметсіндер ме,балаларым!Сендерді көргеніме қуаныштымын.Қош келдіңдер!
Жүргізуші:Сәлеметсіз бе,Аяз ата.Сәлеметсіз бе Ақшақар.Мерекеге шақырғаныңызға
рахмет!Балалар сіздерге арнап өнерлерін дайындап келді.
Аяз ата:Ой,шыршаларым көңілсіз тұр ғой!Ақшақар,қане таяғымды алып
бер.Шыршамызды жандандырып жіберейік.
Ән: «Елочка гори»үш тілде
(Осы кезде шырша жана түседі.)