«Орман жануарларының жаңа жылды қарсы алуы»
Міндеті: балаларды жасыл шыршамен таныстырып, жасыл шыршадан
шеңберде айналтып жүргізіп, ән айтқызу, еркін би билету. Қыс мезгілінің
ерекшелігімен таныстырып, мерекені көңілді етіп есте қаларлықтай өткізу.
Кейіпкерлер: Қоян, Қасқыр, Түлкі, Аяз Ата, Ақшақар.
Балалар әуен ырғағымен залға кіреді, залда ортада Қоян шыршаны
безендіріп жүреді.
Қоян: -Сәлеметсіздерме, Жаңа жыл мерекемізге қош келдіңіздер,
Құрметті ата-аналар, әріптестер, балалар, келе жатқан Жаңа жыл
барлығымызға құтты болсын, Жаңа жыл бізге құт-береке, қуаныш,
жақсылықтар сыйласын, отбасымызға амандық, саулық әкелсін.
Қошеметпен Бауырсақ тобының бүлдіршіндерін қарсы алайық!
Қасқырдың әуені ойналады, ортаға Қасқыр кіреді.
Түлкі: Мына жерде не беріпжатыр, не тойлап жатырсыңдар?
Қоян: Кел түлкі бізбен бірге Жаңа жыл тойлайық.
Түлкі: Қоянжан сен әсем шырша безендіріпсің, бірақ оның шамдары
жанбаған.
Қоян: Балалар маған шыршаның шамдарын жағуға көмектесесіңдерші.
Бір. Екі. Үш шырша шамы жарқыра түс. «шырша шамдары жанады»
Қандай тамаша, шыршамыз жарқырай түсті, енді шыршамызға арнап
«Кішкентай шырша» әнін шырқайық.
Қоян: Жарайсыңдар балалар, сендер білесіңдерме қазір жылдың қай мезгілі?
Дұрыс, қыс мезгілі. Ал қыс мезгілінде не жауады? Әрине , қар жауады.
Қоян: Ендеше балалар қараңдаршы
«Қар астынан қандай аң жасырылған» ойыны.
Қоян: Балалар біздер бірдеңені ұмыттыққой, қандай Жаңа жыл мерекесі
оларсыз өтеді? иә Аяз ата мен Ақшақарды . Ендеше қане бәріміз бірге
дауыстап шақырайық.
Барлығы бірге : Аяз ата, Ақшақар ааууууу- 2 рет
Музыка әуенімен Аяз ата мен Ақшақар келеді
Қол шапалақ