КМҚК «Қызғалдақ» бөбекжай бақшасы
«Солтүстіктегі Жаңа жыл» атты
«Балдәурен» ересек тобының
жаңа жылдық ертеңгілігі
Тәрбиешілері: Жумабаева З.К
Саламатова Ж.С
2023жыл
«Солтүстіктегі Жаңа жыл!»
Міндеті: Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді
безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Бұғының карнавалдық киімдеріне
назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар
ойнату.
Қатысушылар: Аяз ата, Ақшақар, Аю ,Бұғы ,
балалар, ата - аналар.
Музыка ойнап тұрады.
Балалар залға бұғы сүйреген шанамен кіреді.
Бұғы:: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата -
аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер
бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер.
Мына жерде мұзда мереке тойлайтын
боламыз. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Бұғы: Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы
алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып,
қол ұстасып жүріп ән салайық.
Ән: «Жаңа жыл»
Көк шыршамыз ырғалып,
Жатыр дала- қыр нағып
Жылым келді аппақ жүзі нұрланып!
Жарасатын еліме,
Төрлет жылым төріме!
Бейбіт жатқан қазағымның жеріне!
Қайырмасы:
Жаңа жыл! Жаңа жыл! Жаңа жыл!
Ақ көрпесін жамылды ғой дала - қыр.
Жаңа жыл! Жаңа жыл! Жаңа жыл!
Шалқытайық шаттық ән мен жаңа жыр.
Шыршамызға шам жағып,
Қараймыз ғой тамсанып,
Би билейік, ал кәнекей ән салып!
Аяз ата әніміз, Ақшақарың сәніміз,
Қарсы алайық жаңа жылды бәріміз!
Қайырмасы:
Күлімдесін күніміз,
Жалындасын жүзіміз,
Қуанышпен келсін Жаңа жылымыз!
Жаңа жылым шаттығым,
Арайланып атты күн,
Тілейікші елімізге сәтті күн..!
Қайырмасы:
Жаңа жыл! Жаңа жыл! Жаңа жыл!
Ақ көрпесін жамылды ғой дала - қыр.
Жаңа жыл! Жаңа жыл! Жаңа жыл!
Шалқытайық шаттық ән мен жаңа жыр
Бұғы: Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?
Балалар: Қыс!
Жүргізуші! Ал, кім бізге қыс мезгіліне арналған тақпақтарын айтып береді екен?
Інжу.
Айналамда ұшып жүр
Ақ мамық қар себелеп
Қалт құлт еткен бейне бір
Ақ қанатты көбелек
Үстіме жалп-жалп жауады
Ақ тауықтың жүніндей
Жайнатады даланы
Ақ жібектің түріндей
Азалия
Аппақ аппақ жапалақтап
Қар жауады тынбастан
Қалың орман қар жамылған
Маужырайды түнгі аспан
Кең пейілді мол мейірлі
Сағынышпен табысқан
Ақерке
Мәз болып жиналып көп бала
Бір-бірін құшақтап топтала
Ойыншық іліп жүр шыршаға
Неткен көп ойыншық мұншама
Дайын тұр тақпақпен әніміз
Әрдайым құлпырсын сәніміз.
Бұғы: Жарайсыңдар, қандай жақсы тақпақтар!
Залда жарық сөніп, аспанда әдемі жарқырамалар жанады, ішке солтүстік тұрғыны
кіреді.
-Салеметсіңдер ме, балалар! Қандай
әдемі жер! Мен балық аулауға шығып
едім, маған көмектесіңдер ме?
Ойын «Балық аулау»
Музыка ойналып,ішке аю кіреді.
Аю: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл
менмің. Сендерді көргенім қандай жақсы
болды!
Мен балаларымды іздеп жүрсем,
сендермен бірге жаңа жыл мерекесін
тойлап жатқан сияқты ғой. Мен
қонжықтарымның өнерін
тамашалаңыздар. Қане бір билеп жіберейік.
БИ.Аюлар –ұлдар
- мен де сендерге қызықты ойын
алып келдім, сендердің
ептіліктеріңді, мергендіктеріңді
анықтайық.
Ойын: «Дәлдеп ат».
Алыстан Аязатаның дауысы
естіледі.
Жүргізуші: Аязата, Ақшақар
келе жатыр ғой деймін,
шақырайық, қол соғайық!
Балалар: Аязата, Ақшақар!
Аязата: Сәлематсыңдар ма,
балалар!
Күнтізбеде қалыпты жалғыз ғана бір парақ,
Дайындалдым жыл бойы,
Жолға шығар келді уақ!
Шақырымды жүздеген
Басып өту мен үшін
Жаңа жылдың түнінде
Жасыл шырша түбінде.
Кездессем деп сендермен,
Таратсам екен сыйлықтар,
Одан асқан не сый бар.
Қуаныш сыйлау балаға
Одан зор бақыт бола ма!
- Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!
Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның
шамдарын жарқыратайық!
-Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)
Балалар: Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат.(қолдарын шапалақтатады) Шырша
жарқырайды.
-Ал балалар, шырша жанында маған айтуға дайындаған тақпақтарың бар ма?
Арай
Жаңа жыл Жаңа жыл жаңа жылда жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр
Тамаша Тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Т.Раяна
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағылған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған
Кел, балалар келіңдер
Тамашаны көріңдер.
Аяла
О,алақай аяз ата
Келе жатыр алыстан
Кел,билейік үйренейік
Ол келгенше жаңа жыр
Құтты болсын, құтты
болсын
Құтты болсын жаңа жыл.
Би.Пингвин –қыздар биі.
Аязата: Балалар, менің қарша қызым қайда жұр екен, кім тауып береді екен маған?
Бұғы: Мен іздеп келейін Ақшақарды
Аязата: Бәрекелді, бәрекелді. Менің Ақшақарым қазір келіп қалар, мынадай тақпақтардан
кейін кідірмес.
жүргізуші: Аязата, мен де, жұмбақтап жіберсем қайтеді?
Ертегідей орманнан
Көктей өтіп келеді.
Сұңқар бойлы бір сұлу
Табыңдаршы, аты кім?
Балалар: Ақшақар! (музыкамен
Ақшақар мен сыйлықққа толы
шана сүйреткен Бұғы кіреді)
Ақшақар: Сәлеметсыңдар ма,
балалар! Орманды көктей өтіп
жеттім - ау сендерге. Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Сендерге көп сыйлық ала келдім!
Мен білемін бір ойын:
Үйретейін сендерге
Мен бастайын, ал, сендер аяқтаңдар ойынды. Хормен жауап айтыңдар!
-Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр....
Балалар: Жаңа жыл!
Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты білсең атын тез ата, келеді бізге.....
Балалар: Аяз ата!
Ақшақар: Шырша бүгін кәделі! Сендер әрі....
Балалар: Әдемі!
Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ, ойын – күлкі таралсын.
Құтты болсын....
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)
-Өте жақсы, ал енді, балалар менімен ойын ойнаңдар
Ойын «Қар жасау»
Жүргізуші: Кәне, балалар, бәріміз «Аяз ата ақша қар» әнін жақсылап айтып жіберейік,
Ән «Аяз ата, Ақша қар»
Жаңа жыл келіп еліме
Қуанышпенен баршаға
Аяз ата мен ақшақа
Келеді бірге ортаға
Қайырмасы:
Қош келдің қош келдің
Аяз ата Ақша қар
Сіздер үшін ән салады
Біздің барлық барлық балалар.- 2рет
Мерекенің келгеніне
Қуанышпенен баршаға
Құтты болсын бұл ағайын
Құтты болсын бұл жаңа жыл
Қайырмасы:
Қош келдің қош келдің
Аяз ата Ақша қар
Сіздер үшін ән салады
Біздің барлық барлық балалар.-2рет
Аязата мен Ақшақар сыйлықтар таратады.
Ақшақар: Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын да кез келді.
Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер.
Аязата:
Жаңа жылда, балалар, тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан, мықты болу өзіңнен.
Ақшақар:
Жаңа жылда, балалар, тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық қастарыңда болмасын.
Сау болыңдар, балалар!