«Қызғалдақ» бөбекжай бақшасы
Тақырыбы:Маша мен аю жаңа жыл
кешінде қонақта
“Еркетай” кіші тобы
Тәрбиеші: Толепбергенқызы Аяжан
2023ж
Тақырыбы: «Маша мен Аю жаңа жыл кешінде қонақта!»
Мақсаты: Балаларға сағындырып келіп жеткен қыс мезгілінің ең керемет мерекесі Жаңа
жылды сезіндіру. Музыка залында өздерін еркін ұстай білуге машықтандыру. Жаңа
жылға арналған жаңа әндерді орындап, еркін ойындар ойнап, би билеуіне мүмкіндіктер
жасау. Мерекені көңілді етіп, есте қалатындай етіп өткізу.
Қатынасатын кейіпкерлер:
1. Жүргізуші
2. Маша
3. Аю.
4. Аяз ата
5. Ақшақар
6 . Қыздар Маша болып киінеді.
7. Ұлдар Аюлар мен Аяз ата болып киінеді.
Жүргізуші: Құрметті ата – аналар, қонақтар бүгінгі «Еркетай» кіші тобының «Маша мен
Аю жаңа жыл кешінде қонақта » атты ертеңгілікке қош келдіңізер! Ендеше сіздердің
қошеметтеріңізбен “Еркетай” тобының бүлдіршіндерін қарсы алайық.
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағылған,
Міне,сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп, сағынған,
Кел, балалар, келіңдер.
Тамашаны көріңдер.
Музыка әуенімен залға аю кіреді, қолында мешуре бар.
Аю: Ой мен шаршадым, шыршаны безендіргенше шаршап кеттім. Залды да
безендірдім. Самоварды ортаға қойып, шәйді дайындап қояйын. Қазір аяз ата келеді ғой.
Екеуміз бірге шәй ішеміз ғой.(аю шүберегін алып қолын сүртеді, сол кезде самовардың
қасына жақындайды, қақпағын ашса, су жоқ екенін көреді.)Самовардың суы бітіп қалған
екен, ал мен су алып келейін.(музыка әуенімен аю залдан шығып кетеді.) (Музыка залына
айқайлап, маша жүгіріп келеді.)
Маша: Ой, ой мында ешкім жоқ қой барлығы қайда кетіп қалған. Ого! Қандай
әдемі! (шыршаға қарап, секіріп қуанады.)- тамаша, тамаша, жаңа жылды өзім тойлаймын.
Аю суды алып ішке кері кіреді. Машаны көріп қайдан жүргенін сұрайды.
Маша: Мен жай ғана өтіп бара жатқан едім. Аю сен осында екесіңғой. Мына
шыршалар сондай әдемі екен. Қарашы, қарашы. Сен бұл жерде не істеп отырсың?
Аю: Мен мұнда аяз атаны күтіп жүрмін. Қазір өзіде келіп қалар
Жүргізуші Ал ендеше бәріміз бірге жаңа жылды қарсы алайық.
Ән: Орманда шырша туыпты
Жүргізуші: Маша сен жолда Аяз ата мен ақшақарды көрмедің бе?
Маша :Жоқ көрмедім. Мен аюларды көрдім.
Жүргізуші Мүмкін балалар аюлар биін билеген соң Аяз ата мен Ақшақарда келетін шығар
Би: Аюлар
Аю: Сағат 12 болыпты. Аяз ата мен Ақшақар әліде жоқ. Мен ұйықтаймын.
Маша: Менімен ойнашы. Бірге жаңа жыл тойлайықшы. Ұйықтамашы аю. Аю
Машаға қарамастан ұйқыға кетеді.
Маша: Аю мені тыңдамай қойды. Онда мен аюдың жпңа жылды қарсы аламын деп
дайындаған шырасын бұзамын деп шыршаны қозғап ойыншықтарды түсіріп тастайды.
Ойын: Шыршаны безендір. Ойын шарты: Шыршаға балалар ойыншықтарды іліп
әсемдеуі керек.
Аю ұйқысынан оянады. Бұл не шу? Тыныш ұйқы бермедіңдерғой. Сендер ән
айттыңдар, би билеп ойында ойнадыңдар. Ал Аяз ата болса әлі жоққой.
Жүрізуші: Аюжан уайымдама Аяз ата мен Ақщақар келеді. Сол сәтте музыка
әуенімен Аяз ата мен Ақшақар келеді.
Аяз ата балалармен амандасады. Маша мен Аю қуанады. Ендеше шырша шамын
жағайық дейді.
Маша: Ура,ура,ура... Шыршының шамын жағамыз. Міне менде шам жағатын
шырпы бар деп қалтасынан сіріңкені шығарады.
Аяз ата: Маша сен не деп тұрсың? Шыршаны шырпымен жағама, онда мына
шырша қазір өртеніп кетеді. Мына жерде балалар бар. Оған сиқырлы сөз айту керек. Қане
бәріміз айтайықшы: бір, екі, үш шырша жана түс!(шырша жарқырайды)
Жүргізуші: Аяз ата мен Ақшақарымыз келіп шырша шамын жақты. Бізге көтеріңкі
көңіл күй сыйлады. Ендігі кезекте біз атай мен ақшақарды қуантайық
Би :Санта клаус
Балалар билеп жатырған уақытта Маша Аяз атаның қоржынындағы сыйлықтарды жерге
шашады.
Аяз ата: Мен қоржынымды осы жерге қойған секілді едім. Ол қайда кетті? Мүлде
білмеймін. Мен би билеп жүргенде сыйлықтарым қашыр кеткен секілді.
Аю: Бұл Машаның ісі болар. Ол сыйлықтарды, тәттілерді сондай жақсы көреді.
Ақшақар: Ата мен сыйлықтар салынған қоржынды тапьым. Бірақ ішіндегі
сыйлықтары шашылып қалған екен.
Жүргізуші: Балалар Атайдың қоржынындағы ойыншықтарды жинауға көмектесейік.
Ойын: Сыйлық жинаймыз. Шарты Аяз атаның қоржынына жердегі сыйлықтарды алып
жинау.
Қолына кәмпит ұстап Маша кіреді.
Жүргізуші: Маша сен атайдың қоржынындағы барлық сыйлықты шашып бүлдірген
екенсің. Олай болмайды. Біздің балалар шашылған сыйлықтарды атайға жинап берді. Бұл
қылығың дұрыс емес.
Маша: Мені кешіріңдерші. Мен Аяз атаның қоржынындағы сыйлықтың барлығы
менікі екен деп ойлап ойланбастан барлығын шаштым. Мені кешірулерің үшін кішкентай
қыздармен бірге би билейінші. Сендердің көңілдеріңді көтерейін.
Би : Маша биі (қыздар)
Жүргізуші: Балалар біз би билеп ойын ойнадық бірақ Аяз атаға арнап ән
шырқамадыққой. Атай үшін ән шырқайықшы.
Ән: Біздің Аяз ата
Аю: Бұл мен үшін ең керемет жаңа жыл болды. Аяз ата, Ақшақар, балалар
сендерге рахмет.
Аяз ата: Ия, менің көңілім көтерілді. Сендер сондай өнерлі балалар екенсіңдер.
Бізді күтіп отырған сендердей тамаша балалар өте көп. Біз соларға қарай жолға шығуымыз
керек. Ақшақар қызым бүлдіршіндерге сыйлықтарын табыстай қой. Маша мен ақшақар
балаларға сыйлықтарын үлестіріп береді.
Жүргізуші: Осымен «Еркетай» кіші тобының жаңа жыл ертеңгілігі аяқталды. .
Сау болыңыздар