Музыка залы әдемі безендірілген
Тақырыбы: Қоян мен Түлкінің жаңа жылдағы шытырман оқиғасы.
Міндеті: Балалардың жаңа жыл мерекесіне деген қызығушылығын арттыру. Көңіл күйлерін көтеру,
шырша әсемдігін қыс келбетін сезіну. Көңілді ойындар ойнату бірлескен ойындар арқылы, достық
қарым қатынастарын ояту.
Жүру барысы: Жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті ата аналар, қонақтар Жаңа жыл мерекесі құтты
болсын. Сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, жаңа жыл тек қана табыс береке бірлік әкелсін
сіздердің, қошеметтеріңізбен Ботақан тобының балаларын қарсалайық. Балалар қош келдіңдер жаңа жыл
мерекемізді осы әдемі әсем сарайда тойлайтын боламыз. (Музыкамен желдің даусы шығып боран келеді)
Боран: Ха-ха, Мен ызғарлы қарлы боранмын. Мен күштімін қыс мезгілі менің айым, мен өзімнің күшіммен
бәрін ұшырып әкетемін ха- ха.
Жүргізуші: Балалар бұл ызғарлы боранғой. Ол боран қатты жел соқтырып қарлы дауыл тұрғызып, бізге қыс
мезгілі екені сезіліп қалды. Қанекей балалар отырмайық жаңа жыл мерекемізді әнімізді айтып тойлайық.
Ән: Жасыл шырша жанында.
(Әуен шығып залға түлкі келеді)
Түлкі: Ойй дала неткен суық қарлы боран соғып кеттіғой, ал мына жер сондай жылы, әдемі жер екен. Ойй
мында қоянның көжектері отырғой. Бұл жыл қоянның жылы ол осы жылы көптеген мақтаулар естіп, кқптеген
жақсылықтар жасады. Мен оның көжектерін алып кетіп,ол қорқақ Қоянды бір сынап көрейін.( Ха ха көжектерді
алып кетеді.) Сол кезде әуенмен Қоянмен кірпі келеді.
Жүргізуші Қоян неге сенің көңіл күйің жоқ кел бізбен бірге көңіліңді көтеріп жаңа жыл тойлайық
Қоян: жаңа жыл тойлауға көңіл күйім болмай тұр, мен мына қарлы боранда өзімнің көжектерімді жоғалтып
алдым. Мен оларға Аяз ата мен ақшақарды көрсетемін деп ойладым олар қарындары ашып тоңып қалған шығар
енді оларды қайдан табам
Жүргізуші: Қоян сен көңіліңді түсірме мен білсем сенің көжектеріңді табуға Аю көмектесет сен аюға барып
көрші
Қоян: жарайт жақсы мен онда аюға барып келейін
(Қарлы боранның даусы шығып Қоян аюға келеді)
Қоян: Аю аю тұршы маған сенің көмегің керек.
Аю: бұл кімдер мені тыныш ұйықтап жатырған жерімнен оятып .Мына боранда қаһарын төктіғой күнде
ызғарлы болып кетті . Иә қоян маған неге келдің?
Қоян: Аю мен мына қарлы боранда, өзімнің көжектерімді жоғалтып алдым, сол үшін сенен көмек сұрап
келдім маған тауып алуға көмектесші .
Аю: Ааа солайма жарайт мен саған көмектесем сен менің бір тапсырмамды орындайсың, Мен саған
көжектеріңді табуға көмектесемін.
Қоян: жақсы аю, мен көжектерімді тезірек тапқым келеді онда сен тапсырмаңды айт.
Аю: Менің қысқы азығым таусылайындеп қалды, сен маған бал жинап әкеліп бересің, ал мен сенің
көжектеріңді іздеп қайтамын.
Қоян: Жақсы аю сен маған тезірек көжектерімді тауып берші мен саған бал жинап әкелейін.
Жүргізуші: Балалар қараңдаршы бізге тағы қоян келді. Қоян сен нестедің аюға бардыңба
Қоян: Иә бардым маған көжектерімді табуға көмектесемін деді бірақ маған бір тапсырма берді Мен аюға бал
жинап апарып беруім керек екен оны енді қалай орындаймын?