Тақырыбы : «Хан сарайындағы жаңа-жыл»
Міндеті:Балаларды жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін
қалыптастыру.Мерекелік көңіл күй ортасын ұйымдастыру,образдық бейнелерді
сомдай білуге үйрету, тақырып бойынша дайындалған қойылым арқылы жақсы
көңіл күй сыйлау.
Зал іші жаңа-жыл мерекесіне байланысты әсем безендірілген , ортада хан
сарайының макеті суреті қойылған.
Кейіпкерлер; Күлше қыз, Ханзада,Патша, Патшайым, Ханшайымдар,
Ханзадалар, Мейірімді ханшайым, Аяз ата , Ақшақар мен Жаңа жыл.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, қонақтар! Бүгінгі келіп
жеткен жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Бүгінгі біздің «Қызғалдақ» бөбекжай
балабақшасындағы «Балбала» тобының мерекелік ертеңгілігімізге қош
келдіңіздер!
Сіздердің тамашалайтындарыңыз: «Хрустальды кебіс» ертегісі.
Күлше қыз, Мейірімді ханшайым,Ханзада, Патша, Қатыгез патшайым, Екі
сіңлісі, Аяз ата, Ақшақар , Ханзада мен ханшайымдар, Жаңа жыл.
Балалар музыка әуенімен залға кіріп билейді.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар
Ертегімде сан қилы
Қызық – қызық сырлар бар.
Жаңа жылдың кешінде
Күлше қыз тойға жиналған.
Соныменен, балала жаңа жылға арналған «Хрустальды кебіс» ертегісін
тамашалаңыздар!