Ортаңғы «Бәйтерек» тобы
Ұйымдастырылған тақырыптық іс-шара
Тәрбиеші: Қосымғалиева С.А.
Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің ұланымыз!»
Міндеті: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін
қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.
Бүлдіршіндердің тілдік, сөздік қорын байыту. Мақал-мәтел, тақпақтар
арқылы ой-өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайтып, тілдерінің дамуына
ықпал ету.
Көрнекіліктер: ҚР Рәміздерінің, ту, елтаңба, әнұранның суреттері.
Барысы:
«Шаттық шеңберін»
Армысың, алтын күн,
Армысың, жер Ана.
Армысың, көк аспан,
Армысыңдар, достарым!
Бүгінгі ұйымдастырылған іс-шарамызды Қазақстан Республикасының
гимнмен бастайық.
ҚР Гимн орындалады.
Сұрақ-жауап: Жыл ерекшеліктері:
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Қыс айларын атайық?
-Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?
-Үстімізге қандай киім киеміз?
-Қандай ойындар ойнаймыз?
Суреттер арқылы тәуелсіз ҚР туралы түсінік беру.
Біз аспаны ашық, сәулелі,кең,байтақ елде тұрамыз. Ол ел –Қазақстан
Біздің еліміз қалай аталады?