Ұйымдастырылған іс әрекетінің конспектісі
Тақырыбы: «Менің отаным Қазақстан».
Міндеті: Балаларға Қазақстан Республикасы туралы білім беру.
Балалардың тіл байлығын, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту,
туған елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Ресурстар: Мемлекеттік Рәміздер, Қазақстан картасы, суреттер
Шаттық шаңбері:
-Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз,
Біз бақытты баламыз.- дей отырып, «Менің Отаным -Қазақстан» атты іс
әрекетімізді ашық деп жариялаймыз.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалады.
Тәрбиеші:Балалар, сендер қандай ән орындадыңдар?
Балалар:Қазақстан Республикасының ән орындадық.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Әрбір республиканың өз ерекшелігін
білдіретін әнұраны, туы, елтаңбасы болады. Біз оны рәміздер деп
аталады. Осы рәміздер туралы жеке-жеке түсінік беріп өтейік.
Тәрбиеші:Мынау –біздің туымыз. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсас көк
аспандай көгілдір., ортасында күн, астында бүркіт ұшып келе жатыр.
-Мынау – елтаңбамыз. Елтаңбада шаңырақ, күн сәулесі, бес бұрышты
жұлдыз. «Қазақстан» деген жазуы бар.
Тәрбиеші:Қазақстан Республикасының ел басшысы кім?
Балалар: Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Тәрбиеші: біздің отанымыздың астанасы қай қала?
Балалар: Ел бөбегі бүлдіршін жас баламыз.
Астанамыз Астана – бас қаламыз.
Сендер елтаңба мен туды әрқашан қастерлеуге тиістісіңдер.
Қазақстан Республикасының рәміздері туралы кім тақпақ біледі?
Ясмин:
Елтаңбасы елімнің,
Неткен көркем әдемі!
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.
Айдархан:
Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым!
Тәуелсіздік алған күн.
Менің Қазақстаным!
АнНисса:
Бабамның да арманы
Осы едіго аңсаған
Тәуелсіздік таңдары
Есте мәңгі қалады.
Тәрбиеші: жарайсыңдар,балалар. Біз Қазақстанда тұрамыз демек. Отанымыз-
Қазақстан.
Тәрбиеші: Ендеше сол еліңе. Туған жеріне қандай тілек білдіргілерін келеді?
Міне менде әдемі қорапша, ол жай қорапша емес, сиқырлы қорапша, оның
ішінде жүрекшелер бар, осы жүрекшелерді алып маған көрсетіңдер, мен
сендердің тілектердіңді оқып беремін.
«Ел байлығын, жер байлығын, егеменді елімізді сақтайтын сендерсіңдер».
Сендерге ұйымдастырылған іс әрекет ұнады ма? Осымен біздің
ұйымдастырылған іс әрекет аяқталды. Бәрің жақсы қатыстыңдар. Рахмет!
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: Бізідің Отанымыз туралы қойылған сұрақтарға жауап береді
Түсінеді: Қазақстан Республикасы- тәуелсіз ел екенің түсінеді.
Қолданады: Қазақстан Республикасы туралы мәлеметтерді оқу іс-
әрекеттерінде қолдана білу дағдыларын