Қызғалдақ бөбекжай бақшасы
«Тәуелсіз – елдің ұланымыз» атты
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік
«Балдәурен» ересек тобы
Тәрбиеші: Саламатова Ж.
2023жыл
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік «Тәуелсіз – елдің ұланымыз.»
1. Білімділік: Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып,желтоқсан құрбандарын мәңгі
есте сақтау: Мерекеде Елбасы, мемлекеттік рәміздер, тәуелсіздіктің құрбандары туралы түсінік
беру.Патриоттық сезімдерін ояту.
2. Дамытушылық: Әндер, билер, ойындар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
3. Тәрбиелік: Балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа
тәрбиелеу
Тәрбиеші: Құрметті «Қызғалдақ» балабақша ұжымдары,балабақша бүлдіршіндері,бүгін еліміздің
сан мыңдаған жылдар бойы армандаған,сол жылда дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен
келген,тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын «Тәуелсіздік күні» мерекесіне
арналған «Тәуелсіз – елдің ұланымыз» атты ертеңгілігімізді назарларыңызға ұсынамыз.
1991 жылы қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды. Міне, биыл
тәуелсіз мемлекет атанғанымызға 32 жыл толды. Осы тәуелсіздік Қайрат Рысқұлбеков, Ербол
Сыпатайұлы, Ләззат Асанова сынды қазақтың батыр, қаһарман ұл - қыздарының арқасында келді.
Соған назар аударайық.(Слаид қарау)
Олардың Тәуелсіздік жолындағы ерлігі, қайсарлығы біз үшін өнеге болмақ желтоқсан
құрбандарына тағзым етіп 1 минут үнсіздікпен еске алайық.
Ән ұраны елімнің
Шақырады бірлікке
Егеменді елімнің
Болашағы бірлікте.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалады
Ақмедияр:
Қазақтың жері кең байтақ,
Бабамның берген еншісі
Желбірей бер көк байрақ
Отанымның белгісі.
Дәукен:
Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым
Түсті бақыт жолыма
Менің Қазақстаным
Аяулым
Мерекеге шығады
Бүкіл халық біліп қой
Отандастар ұғады
Тәуелсіздік Ұлық той
Мади
Аралаймын алаңды
Тәуелсіздік күнімен
Батыр Қайрат ағамның
Суретіне ұңілем
Аңсар
Қарттарым мұңаймасын деп,
Сәбилер жыламасын деп.
Кешегі өткен тарландар,
Желтоқсанда ұрандар.
Нұрсейт
Алтын таңның аясында,
Бақытты өскен балалмыз,
Еркін өмір шат заманда,
Шырқап әнге саламыз.
Аңсарбек
Тәуелсіздік еліміз
Мәңгі жасар жеріміз
Тәуелсіздік жасаған
Аға,Әпкелеріміз
Тәуекел
Тәуелсіздік-бабам берген аманат
Тәуелсіздік келешектің кепілі
Тәуелсіздік жүрмін сені бағалап
Тәуелсіздік өткен күннің өтілі
Ясмина
Тәуелсіздік тартуы ол тәңірдің
Тәуелсіздік маңдайдағы бағым бұл
Тәуелсіздік Сыбағасы халқымның
Тәуелсіздік таймайтұғын тағым бұл.
Азалия Мерекеге шығады,
Бүкіл халық біліп қой.
Отандастар ұғады ,
Тәуелсіздік-ұлы той.
Жүргізуші: Жастарымыздың ерен ерлігін насихаттау арқылы бүгінгі таңда біздің егемендігіміздің
алып берген Қазақстан Тәуелсіз мемлекет атанды.Отанымыз туған жеріміз,еліміз жылдан жылға
көркейіп жаңарып өсіп келуде.
Ән: «Тәуелсіз елдің ұланы»
Балалардың орындауында
Амирхан
Отан сенің ата-анаң,
Отан-досың,бауырың,
Отан-өлкең,астанаң,
Отан-аудан, ауылың.
Аяла:
Отан-тарих, отан-тіл,
Жасаған елің, өз халқың,
Отан-өлең,Отан-жер,
Көгерген көкке ел даңқын.
Раяна:
Әнұраным-жан ұраным
Айтар әнім-сөлер сөзім
Туған жерім- сағынарым
Туған елім сағынарым
Мәңгі бақи шырқалады
Республика әнұраным!
Тәуелсіздік күніне арналған ДОДО КАЕДР ойыны.
әрбиеші: Ендеше бас қаламыз Астананың символы Бәйтеректі құрастырайық.
1. Қазақстан республикаысының призиденті кім?
2. Қазақстанның астансы қай қала?
3. Қ.Р рәміздерін атап бер?
4. Тудың түсі қандай,?
5. Туда не бейнеленген ?
6. Елтаңбада не бейнеленген?
Рахмет!
Ойын: «Бәйге»
Қазақтың ұлттық ойыны «Арқан тартыс»
Тәрбиеші: Туған халқымыздың тарихын,батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін,жеріміздің
байтақтығын,байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Сол жырларды жаттап,көкейге
түйіп,елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз,басқаша болуға біздің құқығымыз
жоқ,бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті,жанын қиды. Сол батырларымыздың
армандаған ұрпағы біздің білімді,дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет. Апа-
ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. Осымен құрметті қонақтар ересектер
тобының дайындаған «Тәуелсіз – елдің ұланымыз» атты ертеңгілігіміз аяқталды.