«Қызғалдақ» бөбекжай –балабақшасы
Тақырыбы : «Асқақтай бер, айбынды
Қазақстан»
«Күншуақ» ересек тобы
Тәрбиеші : Коканова Г.Н
2023ж
Тақырыбы: «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан»
Міндеті: Балалардың туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Отанға деген
патриоттық сезімдерін ояту.ҚР рәміздерін қайталап,еске түсіру.
Көрнекілігі: Ту, Елтаңба, ұлы тұлғалардың суреттерін ілу.ҚР картасының суреті.
І. Әнұран.
Тәрбиеші:
Ақжайық, Алтай арасы
Қазақтың шалқар даласы
Республикама қарашы!
Жерімнің дәні маржандай
Қырманы асқар таулардай
Республикама қарашы!
Шолсаң да биік аспаннан
Қарқырар кені тастардан
Республикама қарашы!
Шырқаған сайын тірегі
Республикама қарашы!
(Есік қағылады)
2.Топқа Білгішпек кіреді:
- Сәлематсыздарма балалар, мен бәрін білемін, ал сендер не біледі екенсіңдер сұрап
білейін?!
Тәрбиеші:
- Сәлеметсіз бе? Деп балалар амандасады.
Білгішпек:
- Мен Білгішпек келе жатып, сыңғырлаған балалардың күлкісін естіп, қандай бақытты
балалары екенін білейін деп келдім.
Тәрбиеші:
- Олай болса, қош келдіңіз! Қазір бізде 25 қазан Республика күніне арналған тәрбие сағат
өткелі жатыр. Балалардан сұрап біліңіз.
Білгішпек:
- Сәлем, балалар! Сендер өте көңілді, әрі бақытты көрінесіңдер. Сендердің Отандарың,
қасиетті мекендерің қай Республика?
Балалар:
- Қазақстан Республикасы.
Білгішпек:
- Президент кім?
Балалар:
- Қасымжомарт Тоқаев
Білгішпек:
- Отандарыңның астанасы қай қала?
Балалар:
-Астана қаласы.
Балалар:
Білгішпек:
- Әнұран, Туы, Елтаңбасымен танисыңдарма?
Балалар: көрсетеді
Білгішпек:
3.- Өте жақсы. Осы елдің бақытты ұл - қыздары екендеріңді қалай дәлелдейсіңдер?
Айсұлтан
Жақсылар жанын қиды қасіретпен,
Алаштың ерлері бар асыл өткен.
Арманым болмас еді-ау туған елім,
Гүл жайнап, қазақ болып тасып өтсем.
Айлин
Егемен елім десем, сенім кіріп,
Бойымды билеп кетер сенімділік.
Ешкімге ауыстырмас алтын Отан.
Жырлаймын қасиетіңді төгілдіріп.
Қуандық
Толтырған гүлге даланы
Жайнатқан ауыл қаланы
Ардақты атамекенім,
Отаным-Қазақстаным.
4.Білгішпек:
Тапсырмалар алып келдім соны орындаңдар: Елтаңбаның,Бәйтерек суреті беріледі.
Балалар өздері екі топта суреттерді құрастырып жұмыс жасайды.
Сендерге ойында ала келдім, міне қолымда толған асықтар.
Атауы: «Асық ату»
Міндеті: ептілік пен мергендікке баулу, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиеші:- Балалар, халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы айтқан екен: «Отан
үшін отқа түс, күймейсің»,- деп. Басқа да батыр ағаларымыз, апаларымыз «Отан» деп
жырлаған, қорғаған, қастерлеген және Отан үшін өмірлерін қиған екен.
Біз де осы ата - апаларымыз сияқты Отанымызды қорғауымыз керек. Отан үшін еңбек ету
керек.
Тәрбиеші: Балалар, егер біз Отанымызды сүйетін болсақ, оның мемлекеттік тілін жақсы
білуге міндеттіміз. Мемлекеттік тіліміз қай тіл?
Балалар:-Қазақ тілі
5.Тәрбиеші: Ән: «Тәуелсіз елім, Қазақстан»
Білгішпек:
-Сүйкімді балақайлар бүгін мен қойған сұрақтарға дұрыс жауап бергендеріңе көп-көп
рахмет!Сендерге арналған сыйлықтарымды сендерге табыстайын
Тәриеші:- Білгішпек сіз бізге қонаққа келгеніңізге көп-көп рахмет! Кәнекей балалар
рахмет айтайық. Білгішпек өз мектебіне кетуі керек.Сау болыңыз!
Тәрбиеші:
Мен қазақпын биікпін, байтақ елмін.
Қайта тудым өмірге қайта келдім
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске
Жаса – жаса мәңгіге туған елім.
25 Қазан-Республика күніне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды.