«Алақай күз келді»
Жүргізуші: Сары жібек көйлегін желбіретіп,
жапырағын ағаштың селдіретіп
Тойға бөлеп елімді күзім келді.
Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.
Құрметті ата-аналар,әріптестер табиғатымыздың бізге берер байлығы мен берекесін
сыйлайтын сары алтын күзіміз келді.Алтын күз мерекесі құтты болсын демекпіз,
жылдың қай мезгілін алсақта табиғатты сүйіп, оны аялап күту әрбір адамның міндеті,
өйткені бізді қоршаған табиғат аман болса, біз де әрқашан көңілдіміз.
Жүргізуші: Күз мерекесін тойлауға келген Бөбек тобын балапандарын ду қол
шапалақпен қарсалыңыздар.
Балалар біртіндеп кіреді.
Жүргізуші: Балалар казір далада қандай мезгіл
Балалар жауабы: КҮЗ
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар балалар КҮЗ мезгілі ал олай болса күз аруын
қошеметпен шақырайық.
Музыка әуенімен Күз аруы кіреді.
Күз аруы: Ой, балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты.
Ел егінін орыпты.
Алма, өрік, шиелер,
Себеттерге толыпты.
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сіздердің бала бақшаларыңызға да күз келіпті. Менің
көйлегімнен ұшқан қызыл, сары жапырақтар сіздердің залдарыңызға қоныпты.
Жүргізуші: Иә, Күз Аруы, сіз біздің «Алтын күз» мерекемізге қош келдіңіз!
Күз аруы: Балалар, сендер айтып беріңдерші біздің жақсы көретін күз мезгілінде
қандай ерекшеліктері бар? Күз мезгілінде қандай жемістер мен көкеністер піседі.
Балалардың жауабы: Күн суытады,жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге
түседі.
Алма,алмұрт жүзім,т.б
Жүргізуші: Күз аруы сіз білесіз ба біздің балалар сізге арнап ән дайындап қойды кәне
балалар күз аруына арнап әнімізді айтып берейік.
Ән:Алтын күз келді
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар ендігі кезекте Күз аруымыздың қыздарға арнаған
күзгі биін тамашаласақ.
БИ: Жапырақтар биі
Жүргізуші: Күз аруы рахмет сізге қандай тамаша биді дайындап келгенсіз біздің
балаларымыздың көңіл күйі көтеріліп қалды.
(Залға көңілсіз қоян келеді)
Қоян: Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендерде болып жатқан қандай той? Қандай
көңілді!
Жүргізуші: Біз бүгін Алтын күз мерекесін тойлап жатырмыз. Сіз неге көңілсізсіз?
Жүргізуші: Кәне балалар қоянме біз қояның сәбізін тауып берейік.
Жылдам жылдам жемістерді жинап берейік.
Ойын:Жемістер жинау
Ойын шарты: Балаларды жемістің түрлерімен таныстырып,оларды бір-бірінен
түсі,пішіні,дәмі арқылы ажыратып білуге үйрету. Табиғатты қорғауға баулу..
Қоян: Көмектерің үшін рахмет сендерге балалар.
Күз аруы: Балалар, менің сүйікті әнімді өте жақсы орындайды екенсіңдер.
Қайың, терек басынан,
Қызыл, сары жапырақ.
Жерге түсіп шашылған,
Жел үрлесе қалықтап.
Күз аруы: Балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр ойынның аты түрлі түсті
жапырақ екі себетке жапырақтарды саламыз сары түсті жапырақты мына себетке
жасыл жапырақтарды мына себетке жинаймыз.
Жүргізуші: Кәне балалар күз аруымен бірге ойын ойнайық кәне балалр белсенді
болайық. Жылдам жылдам жапырақтарды жинап берейік.
Ойын: «Өз жапырағын тап»
Ойын шарты: Екі топқа бөлініп жапырақтарды себетке жинауымыз керек. Қай топ
көп жинаса сол топ жеңімпаз атанады.
Жүргізуші:Күз аруы сіз білесіз ба біздің ұлдар қандай өнерлі біздің ұлдарымыз сізге
арнап қол шатыр биін дайындап келіпті олай болса ұлдардың қолшатыр биін қабыл
алыңыздар.
ӘН:Күз келді
Жүргізуші: Күз аруы мерекеміздің соңында әдемі балалармызбен ойын ойнап
жібересіз бе.
Күз аруы: Балалар, сендер көкөніс пен жемістерді талғамай көп жеңдер, дәрумені өте
көп сонда қыс мезгілінде ауырмайсыңдар. Бірақ, барлығын жуып жеңдер. Ал енді
сендердің өнерлеріңе көп рахмет! Келесі жылы кездескеше балалар. Сау болыңдар.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар осымен алтын күз ертеңгілігіміз аяқталды өте
өнерлі екенсіңдер балалар сендерге арнап алып келген күз аруының мадақтау
граматалары бар екен соны сендерге табыс етеміз.
«Қызғалдақ» бөбекжай бақшасы
«Алақай күз келді»
«Құлыншақ» Ерте жас тобы
Тәрбиеші:Демелова.Г
2023 ж