КМҚК «Қызғалдақ» бөбекжай бақшасы
Тақырыбы:
«Бақтағы ғажайып ертегі»
«Еркетай» кіші тобы
Тәрбиеші: Дарьябаева Н.Т
2023ж
«Бақтағы ғажайып ертегі»
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Мерекелік көңіл – күй
орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс — әрекеттерге тарту,
бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой — қиялдарының дамуына
ықпал ету.
Балалар музыка әуенімен залға кіреді
Жүргізуші: Құрметті қонақтар,балалар! Алтын күз меркесі құтты болсын! Ел
байлығын арттырған берекелі де мерекелі күз мезгілі келді.Сары алтындай
сары күз себетке толы жемесін ,қамбаға толы егінін сыйлайды.Олай болса
алтын күзге арналған ертеңгілігімізді бастаймыз.
Жүргізуші: Балалар қараңыздаршы, біз келіп қалған сияқтымыз. Бағымыз
қандай әдемі? Ал бақ иесі қайда екен?
Балалар, мүмкүн біздің әнімізді естіп келіп қалатын шығар.
Ән: «кап-кап тук-тук»
Бағбан ата: Кім менің тыныштығымды бұзды?
Сендерге менің бағымда ән айтып шулап жүруге кім рұқсат берді?
Балалар бағбан ата мен амандасайықшы.
Балалар: Сәлеметсізбе.
Жүрг: Бағбан ата, біз балалармен бірге сізге арнайы келдік.
Бағбан ата: Менің жинап қойған жемісімді ұрылар алып кетіпті дым
қалдырмай, мына себетке қараңдар ештеңе жоқ.
Жүргізуші: бағбан атай ашуланбаңыз біздң балалар сіздің себетіңізге
жемістеріңізді жинап береді.
Ойын : Алма ме алмұрт ағашынан жемісті себетке жинау.
Рахмет балалар
Музыка естіледі, залға алтын күз кіреді.
Алтын күз:Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мені күтіп қалдыңдар ма? Мен
алтын күзбін! Ормандарды, тауларды, аралап , барлық жерді сары, қоңыр
бояауға боядым! Құстарды жылы жақтарға шығарып салдым, мерекелерің
құтты болсын.
Жүр:Сәлеметсізбе алтын күз!
Алтын күз :Балалар қараңдаршы күзде бақ жайнап тұрады .Жерде әр түрлі
жапырақтар жатыр.Түстерін атап беріңдерші.
Балалар жуабы: қызыл, жасыл, сары,
Алтын күз: Бұл мерекеге менің жемістерімнің дайындаған өнерлерлері бар
Би: «Жемістер»
Жүргізуші:Енді кішкентай бүлдіршіндеріміздің тақпақтарын тындаймыз.
1)Күз байлық береке, Маулен
Алтын күз мереке.
2)Қарашы күз келді, Айсұлтан
Жапырақ жауыпты іздерді.
3)Жеміс-жидек пісті, Асылым
Қамбаға астық түсті.
Алтын күз: рахмет балалар! Сендер дұрыс айтасыңдар күз мезгілі тамаша.
Жүргізуші: бағбан ата сізге балалар би билеп береді
Би: «Бағбан»
Жүргізуші: Балалардың орындауында «жапырақ» әні
Ойын: Камазға жапырақ жинау түстеріне қарай.
Алтын күз:Ал бүлдіршіндерім!Бүгін барлығында өнерлеріңді көрсеттіңдер
өнерлеріне көп-көп рахмет келесі кездескенше сау болыңдар өнерлерің
өркендей берсін .
Бағбан ата: Балалар шынында өнерлі, екенсіңдер мына жемістер сендерге,
мен сендерге тағыда көп жемістер дайындап қояйын, маған тағы қонаққа
келіңдер.
Балалар: сау болыңыз бағбан ата.
Жүргізуші: бүгінгі «Алтын күзге» арналған «Еркетай» тобының мерекесіне
уақтыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет! Сау болыңыздар!