Қызғалдақ бөбекжай бақшасы
Балдәурен тобы
Алтын күз
Тақырыбы: «Нан дастарханға қалай келеді?»
Тәрбиеші:Саламатова Ж.
Жумабаева З.
2023жыл
Нан дастарханға калай келеді? ертегі желісімен.
Міндеті: Балаларға күз туралы түсінік беру. Ой-өрісін, тілін дамыту. Жылдың
төрт мезгілін айыра білу. Нан туралы ұғындыру.Қайдан келетінін түсіндіру.
Нан туралы түсініктерін тереңдету. Нанның адамның еңбегімен келетінін,
оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру. Еңбекті бағалап, адамгершілік
қасиеттерін қалыптастыру.
Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.
Жүргізуші: Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.
Армысыздар ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Нан дастарханға қалай келеді»
атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Балалар мен сендерге бір жұмбақ
жасырғым келіп тұр.
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл не, балалар? (Күз мезгілі)
(ендеше, күз мезгіліне арнаған ән айтайық)
Ән-Алтын күз
Жүргізуші: Балалар Күзгке арнап такпактарымызды айтып берейікші:
Ансар: Арай: Т.Раяна. Аяулым. Амирхан . Інжу Айбатыр Ақерке
Алтын күз: Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайыншы не туралы екен
тауып көріңдерші.
1. Ұзын мұртты сарылар
Мойынында наны бар Бидай.
2. Асты тас.Үсті тас
Ортасында піскен ас Таба нан
Жүргізуші: Бір күні Тышқан нан дүкеніне кіреді. Сөреде жаңа піскен сап –
сары бөлкелер үйіліп тұр екен. Піскен нан исіне қызыққан Тышқан тұмсығын
жыбыр – жыбыр тартты. Төмендегі бір бөлкені кеміре бастады.
Тышқан: - Сәлеметсіндерме балалар , айтыңдаршы «Апырай, қайдан шықты
екен осыншама нан. Біліп алып, шыққан жеріне кірсем, ә!» - деп қызығып
кетті..
- Нан, нан сен қайдан шықтың? – деді сыбырлады.
- Сатушыдан сұра, - деді Нан
Нан қайдан шыққанын білу үшін тақпақ айтайық.
Ясмина: Нан-ардақты адал ас
Кәрі жас одан аттамас
Нандай жоккой асыл дән
Жеп үйренген жасыңнан
Дастарханнан нан кетсе
Береке кетер асыңнан
Айзере: Наубай жұмыс істейді
Жатқаныңда ұйықтап
Ақ қалпағы түспейді
Баса киген миықтап.
Тышқан – Ал, балалар дүкенге нан қайдан келеді
- Сатушы, сатушы, нан қайдан шығады?
Балалар – Наубайханадан келеді, - деді.
Наубайшы келеді.
Наубайшы: Сәлеметсіздерме балалар .Нан туралы білгілерің келсе менің
тапсырмады орындап беріңдер, сол кезде білесіңдер.
Ойын: «Дән егу» 1. Тазалау 2. Дән егу 3.Су құю 4.Бидай жинау.
Міндеті: Балалардың ойлау қабілетін дамыту.Жылдамдығын
арттырып,ойынға деген қызығушылығын арттыру.
Жүргізуші: Балалар жарайсыңдар. Наубайханаға нан даладан егіннен келді
екен. Нан қайдан шыққанын білу үшін тақпақ айтайық.
Ясмина: Нан-ардақты адал ас
Кәрі жас одан аттамас
Нандай жоккой асыл дән
Жеп үйренген жасыңнан
Дастарханнан нан кетсе
Береке кетер асыңнан
Айзере: Наубай жұмыс істейді
Жатқаныңда ұйықтап
Ақ қалпағы түспейді
Баса киген миықтап
Жүргізуші: Балалар Егін бізде сумен өседі, оны суарып тұрады, ал біздің
егініміз жақсы шығу үшін, ән айтып жауын жауғызайық.
Ән: Ақ жауын- қолшатырмен.
Тышқан: Егінші , егінші нан қайдан келеді?
Егінші: Сәлеметсізбе тышқан, балалар мені таныдыңыздарма. Көктемде
трактор жер жыртып, тұқым себеді. Егіншілер оны күтіп баптайды. Көп
еңбек сіңіреді. Міне, мынау қалың астық – сол көп еңбектің жемісі. Нан
еңбек арқылы табылады, - дейді Егінші.Менің көмекшілерім қайда
Би: Ұлдар егіншілер биі
Наубайшы: Балалар осы нанды Диірменші ұнға айналдырады, одан біз нан
илейміз.
Би.Қыздар Аспаз
Тышқан:
- Ой, мұның - азап қой. Мен шалқайып жатып – ақ нан таба беремін, - деп
қутың – қутың етті Тышқан.
Егінші Олай болмайды тышқан. «Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның
тіленбей »
Тышқан: А солайма.
Ойын «Нан қайдан келеді»
Міндеті. Балалардың есте сақтау кабілеттерін арттыру. Нан туралы
түсініктерін кеңейту.
Алтын күз: Балалар жарайсыңдар маган өте қатты ұнады. Күз айы молшылық
айы, жеміс жидек, астық пісетін кезең. Енді меніңде қайтар уақытым келді.
Келесі жылы кездескенше.
Ән: Нан
Қорытындылау « Нан - байлық, нан – береке»деп халқымыз бекер айтпаған.
Міне көрдіңдер ме нанда қанша адам жұмыс істейді
Сондықтан дастарқанға зор еңбекпен келген нан тағамдарын қастерлеу керек