«Қызғалдақ» бөбекжай бақшасы
Бекітемін
Әдіскер:________ А.Т.Кульбаева
Тақырыбы:Бақшадағы көкөністер
Тәрбиеші: Ескалиева Фариза
Толепбергенқызы Аяжан
2023-2024 оқу жылы
Тақырыбы: «Бақшадағы көкөністер»
Мақсаты: Балаларға күз мезгілі туралы мағлұмат беру, ерекшеліктерін айтып ұғындыру, мерекелік
көңіл күй орнату. Күз мезгілінің мерекесі мен молшылығын сезіндіру. Сахнада өздерін ұстауды үйрету, тілін
дамыту, балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс-әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру,
адамгершілікке, адалдыққа, сыпайылыққа, тәртіпке тәрбиелеу.
Жүргізуші: Армысыздар, халайық,
Бармысыздар халайық!
Күзгі тойда жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық! Сіздердің қошеметтеріңізбен Ботақан тобының бүлдіршіндерін қарсы алайық.
Балалар 3 топқа бөлініп музыка залына кіреді. Бірінші топ қолдарына жаңбыр, екінші топ қолдарына
жапырақ, үшінші топ қолдарына сары шар ұстап шығады. Балалар бүгін барлығымыз күз мерекесіне
жиналдық. Қонақтарда келді. Сендер өте әдемі болып киініп келіпсіңдер.
Әуен: Күз ханшайыма ортаға келеді.
Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіңдер ме, қонақтар!
Балалар: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы!
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Күз ханшайымы! Балалар қараңдаршы Күз ханшайымының көңіл күйі
жоқ секілді. Не болғанын сұрап көрейікші. Күз ханшайымы сен неге көңілсізсің?
Күз ханшайымы: Сендерге келер жолда қатты жел соқты. Жапырақтарымды ұшырып әкетті.
Жапырақтарым жоқ болған соң меніңде көңіл күйім болмай тұр.
Жүргізуші: Күз ханшайымы уайымдама. Біздің балалар саған көмектеседі. Жаңадан саған
жапырақтар сыйлайды.
Ойын:”Жапырақтар” Жерге қызыл және сары түсті жапырақтар тасталады. Балалар кезекпен
жердегі жапырақтарды алып, екі ыдысқа жинап Күз ханшайымына сыйға тартады.
Жүргізуші: Күз ханшайымы біздің балалардың әсем дауысын тыңдағын келеді ме? Ендеше біздің
бүлдіршіндер саған арнап ән шырқайды. Қабыл ал.
Күз ханшайымы: Ооо, керемет. Қуана қуана тыңдаймын.
Ән: “Күз келгенде”
Бағбан: Бұл жерде не шу болып жатыр(қабағын түйіп). Бұл менің бақшам. Сендер неге
жүрсіңдер?(ашуланып)
Жүргізуші: Бағбан атай біз күз мерекесін тойлатып жатырмыз. Сіздің бақшаңыз өте әдемі екен.
Сіздің мол еңбегіңізге рахмет айтамыз. Ашуланбаңыз. Біз сіздің көңіліңізді көтеруге келдік. Балалардың
көптеген жақсы өнерлері бар. Күз ханшайымымен бірге тамашалаңыз.
Бағбан: Жарайсыңдар. Күз ханшайымы сеніңде осы жерде болғаныңа мен қуаныштымын. Мен
саған молшылық пен береке, ырыс-құт әкелгенің үшін рахмет айтамын. Күз келгенде баршамыз дәруменге
бай көкөністермен ағзамызды қуаттандырамыз. Күшімізді көбейтеміз. Алтын күз сен біздің өлкемізге
келсең менің бақшам жадырап жайнап сала береді, Рахмет саған Жомарт күз.
Жүргізуші: Балдырғандар бүгінгі
Еркелігін тастайды
Қуантуға сіздерге
Тақпақтарын бастайды – деп өлең шумактарына кезек береміз.
Ботакөз: Болсамда ащы
Дәмді етемін асты
Өсемін жерге
Тығып алып басты.
Айназым:Көкөніс бұл ғажап
Атын айтар өзі-ақ.
Қызылшаға құмар
Балалармыз озат
Мейірлі: Кірпігің мен қасың,
Тырнағың мен шашың
Берік өссін десең,
Қияр болсын асың
Алуа:Ем-дауасы мәлім
Қызанақ ол – дәрің.
Көбейеді жесең
Бойда қуат, әлің
Дамир:Көкөністер бәрі де,
Денсаулыққа пайдалы
Мұны жатқа біліңдер,
Оларды жақсы көріндер
Жүргізуші:Шаршауды білмейміз
Көңілді күйдеміз
Әсем сазды әнге
Шалықтап билейміз
Би: “Көңілді көкөністер” Ер балалар.
Жүргізуші: Бағбан ата мен Күз ханшайымына керемет ән шырқап берейік.
Ән: “Тереземді кім қақты?”
Бағбан: Сендердің әндеріңді тыңдап көңілім көтеріліп қалды. Енді Менің сендермен бірге ойын
ойнағым келеді.
Ойын: “Бақша” Бақшада түрлі көкөністер өсіп тұрады. Жерде шашыраңқы көкөністерде болады.
Балалар көкөністерді алып тиісті орынына апарады.
Жүргізуші: Oйын ойнап бір серігіп алдық Келесі кезекте біздің қыздарымыздың биін тамашалайық
Би: “Бақшадағы көкөністер” Қыз балалар.
Жүргізуші : Жомарт күз, Бағбан ата сіздерге балаардың өнері ұнады деген ойдамыз. Аотын күздің
бізге берер сыйы көп болсын. Бағбан ата сізге мол еңбегіңіз үшін рахмет айтамыз. Балалар енді атай және
ханшайыммен қоштасар уақытта таяды. Сау болыңыздар. Келесі күзде жүздескенше. Құрметті қонақтар,
берекелі мерекелі жомарт күздің сыйлаған сыйы,әрбір отбасының ақ дастарханынан арылмасын. Еліміз аман
заманымыз тыныш болсын. Бүгінгі « Бақшадағы Көкөністер» атты ертеңгілігімізді көңіл қойып
тыңдағандарыңызға, алтын уақыттарынызды бөліп келгендеріңізге көп –көп рахмет. Қош сау болыңыздар.