«
Қызғалдақ
»
бөбекжай-бақшасы
Тақырыбы:«Саңырауқұлақ саясында ертегі
желісімен»
«Күншуақ» ересек тобы
Тәрбиеші: Коканова Г.Н.
Құлсары қаласы-2023ж
Тақырыбы: :«Саңырауқұлақ саясында ертегі желісімен»
Міндеті : күз мерекесін ертегі желісімен өздеріне рөлдерде ойната
отырып, дауыс интонацияларын эмоциялық сезімдерін білдіру арқылы
кейіпкерлерді сомдату. Күз мерекесіндегі ерекше көңіл күйлерін ән –би,
тақпақтар мен жұмбақтар жасыру, тосын сый келтіру және ойын ойнату
мақсатында жеткізе білу. Ертегіні сахналау арқылы диалогты сөйлей біледі .
Залдың іші күз мерекесіне арналып, ерекше безендірілген.
Балалар осы әзем безендірілген залға, әдемі сары түсті киімдермен тамаша
көңіл –күймен енеді.
Жүргізуші:
Сұр бұлт, түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тоңғаныма тойғаныма
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал -кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айырылған ағаш қурай.
Деп Абай атамыз жырлағандай, күз мезгіліде келіп жетті.
Құрметті достар, балалар және қонақтар сіздерді бүгінгі күз мерекесімен құттықтай
отырып, «Күншуақ» ересек тобының әзірлеген :«Саңырауқұлақ саясында ертегі
желісімен»
ертеңгілігімізді бастаймыз.
Күз келді, күн суытты, әдеттегідей құмырсқа ерте тұрып қысқы азығын жинайын деп
жолға шықты. Келе жатса аяқ астынан күн күркіреп, найзағай жарқылдап, жаңбыр
жауа бастады. Жаңбыр толастамаған соң, құмырсқа қайда жасырынарын білмей
састы, сол кезде анау жерде саңырауқұлатың өсіп тұрғанын көріп, жүгіре басып
астына жасырынды. Рөлде –Нығмет. Осы кезде тышқанда адасып келе жатып, олда
жаңбыр астына қалды. Не істерін білмей жан –жағына жалтақтай бастады. Анау
жерде саңырауқұлақты байқап қалды олда зырылдап келіп, тоқтаса ішінде құмырсқа
отыр екен.Рөлде –Төрехан.
Достым мен де саңырауқұлақ астына жасырынсам болама деді.
Жарайды деп, бірге құмырсқа екеуі жаңбырдың толастауын күтті.
Торғай ұшып келе жатып, ой жаңбыр жауып кеттіғой, енді қайттім. Менің үстім
су болып қалды, Саңырауқұлақ маған көмектесші?
Саңырауқұлақ ішіндегі достары.
Кел,кел,біздің қасымызға, рөлде -Қасиет
Қоян келеді: Мені түлкі қуып келеді, құтқарыңдар. Менің үстім су болып қалды,
саңырауқұлақ маған көмектесші! Рөлде-Анель . Жәндіктер: мұнда орынкөп кел.
Түлкі: қоянды көрдіңдер ме?рөлде-Ажар.
Жоқ көрмедік, осы кезде түлкі мұрнымен саңырауқұлақтың астына тұмсығын тығып,
иіскелеп, құйрығын бұлғаңдатып кетеді.
Қасқырда жаңбырда қалып олда достарынан рұқсат сұрап, олда кірді. Рөлде- Расул.А
Аю келді қорбаңдап олда үсті су болған күйі саңырауқұлақ астына еш сұранбастан кіріп
келді-рөлдегі ол Абдрахман болатын.
Саңырауқұлақ оларды жаңбырдан қорғады. Бұлт кетіп, жаңбыр ашылды. Күн шықты.
Кішкентай саңырауқұлақ үлкен болып өсті.
Бақа:Мен жаңбырдан қорықпаймын, достарым жаңбыр басылды деп -хабар берді.
рөлде-Расул.Ә
Саңырауқұлақ астындағы өзінің достары сыртқа шыға бастады.
Барлығы ортаға көңілді әуенмен шығып құшақтасып саңырауқұлаққа рахмет айтты.
Бәрі: Рахмет саған, саңырауқұлақ!
Ән : «Күзгі –жаңбыр»
Сары күзім келіп қалды
Себелеп жаңбырды
Күннің көзі кетіп қалды
Жапырақтар шашылды
Кап-кап жаңбыр жауды
Кап –кап алақанға
Жаңбыр жауды алақай
Бала-балақай
Құстар ұшып кетіп қалды
Жылы жаққа алысқа
Шыбын-шіркей тоңып қалды
Жаңбыр жауды тағыда.
Күтпеген сәт: Саңырауқұлақ –педагог Қамар Алладинқызы залға енеді. Қолында себет
толған дәмді тоқаш саңырауқұлақ. Амандасқан соң жұмбақ жасырды:
Бұлттар төніп, жерге төгіліп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала нұры қашады.
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады. (Күз )
Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп - бояп барлығын
Сап - сары ғып қояды. (Күз)
Көктен түседі,
Жер ішеді. (Жаңбыр)
Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады. (Жел)
Жүргізуші: саңырауқұлақ сіз төрге шығыңыз біздің балалардың көптеген өнерлері
тақпақтары бар, отырып тамашалаңыз жарайма?
Айлин
Қызыл -сары саңырауқұлақ,
Теріп алда ажырат.
Сақ болып жүр алаңқайда,
Ойнап жүріп балақай.
Али –Сұлтан
Саңырауқұлақ тере барамыз,
Улыма жоқпа ажырата аламыз.
Жаңбырдан соң қаулаған аппақ түсті,
Теруге болады екен жарамдысы.
Қуандық
Саңырауқұлақ , саңырауқұлақ,
Басында қалпағы бар.
Ормандағы жәндіктерге,
Жауын жауса пана болар.
Би: «Тамаша күз» орындайтын бір топ қыз балалар.
Би: «Джентельмендер» биі
Ойын: «Пайдалы және зиянды» саңырауқұлақтар.
Міндеті: саңырауқұлақтарды пайдалы және зиянды екенін ажырата білуге, шапшаңдықпен
ептілікке үйрету.
Би: «Күзгі Вальс» орындайтын бір топ ер балалар.
Ән : «Күз тамаша»
Күз келіпті тамаша
Айналаға қараса
Сарғайып көп жапырақ,
Сан жетпейді санасаң.
Күз күз сарғаяды даламыз,
Біз біз жеміс –жидек аламыз.
Күз күз күз мезгілі келгенде
Біз біз біз бақшаға барамыз.
Жаңбырда көп жауады
Бұлттар көктен ауады,
Жеміс пенен жидекке
Толып тұрғой бал әні.
Күз күз сарғаяды даламыз,
Біз біз жеміс –жидек аламыз.
Күз күз күз мезгілі келгенде
Біз біз біз бақшаға барамыз.
Мен мұндалап шақырады,
Алтын аймақ атырап,
Ағаштардан жауып тұр,
Қызыл -сары жапырақ.
Саңырауқұлақ : балалар сендердің керемет өнерлеріңді тамашаладым, маған қатты
ұнады. Сендерге рахмет. Сендерге әкелген саңырауқұлақтан жасалған салаттарым
және дәмді саңырауқұлақ тоқашым бар, қабыл алыңдар.
Балаларға ұсынады. Қоштасып шығып кетеді.