«Қызғалдақ» бөбекжай бақшасы
Міндеті:Күз мезгілінің өзгерістерін ұғындыру.мерекелік көңіл күй
орнату.Балаларды ән салуға,би билеуге ынталарын арттыру.
Тәрбиеші:
Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен,
Таңдандырып халқын күз.
Зере:Золотые листики
С дерева летят,
Кружит ветер Листики
Это листопад.
Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар! Бүгінгі ортаңғы «Ақтиін» тобының
дайындаған «Жаңбырға қонаққа барамыз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Сіздерге әрқашан осы күз мезгіліндегідей молшылық тілейміз! Ал балалар,
берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.
Балалар,қараңыздаршы қандай әдемі жерге келіп қалдық?Ия?
Балалар,айтыңдаршы,бұл көрініс қандай жыл мезгіліне жатады екен?Қазір жылдың
қай мезгілі?
Балалар:Күз
Тәрбиеші:Күз туралы тақпақ білесіңдер ме?
Балалар:Ия
Мариям:Жапырақ ұшты,
Суық та түсті,
Сонда да бізге.
Қызық көп бізде.
Мұстафа:Алақай,Алақай
Шаттанды,балақай,
Күз түсті,дән пісті,
Айтамыз алғысты.
Зере: Сап сары маңай,
Сап сары тоғай
Соңғы әнін айтып
Құс кетті қайтып.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар,балалар!Күз мезгілінде ауа райы қандай болады?
Балалар:Күн салқын,жаңбыр жауады.Адамдар жылы киіне бастайды.
Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар,балалар!Ал,балалар күз туралы өлең білеміз бе?
Балалар:Ия
Тәрбиеші:Ендеше қонақтарымызға Күз туралы өлең айтып берейік.
Өлең: «Алтын күз»
Тәрбиеші:Балалар,Бізге Күз ханшайымы қонаққа келу керек еді....Неге келмей
жатыр екен.....Қанекей, балалар телефон соғып көрейікші.(Гудоктың дауысы
ойналады,телефонды қасқыр мен түлкі ұстайды)
Тәрбиеші:Алло,бұл кім?
Қасқыр:Бұл мен,қасқыр.Күз ханшайымы менің қолымда.Егер бізге азық
берсендер,мен сендерге Күз ханшайымдарынды босатып беремін.
(Телефонды тастай салады,музыка жүреді)
Тәрбиеші: Ой,телефонды тастай салды,енді нестейміз балалар?Мерекені қалай
тойлаймыз?Қасқыр мен Түлкі Күз ханшайымды ұрлап кетіпті.Бізден азық сұрап
отыр.Енді нестесек болады?
Күз ханшайымын қалай құтқарамыз?
Тәрбиеші:Қазір мен қайтадан соғып,мерекелік кешке шақырып көрейін.
(гудок ойналады)
Тәрбиеші:Алло,қасқыр сен Күз ханшайымына тиіспе.Оданда Күз ханшайымын
Мерекелік кешке алып кел.Балалар Күз ханшайымын асыға күтіп отыр.
(Музыка ойналады,Қасқыр мен Түлкі Күз ханшайымын алып кіреді)
(Қасқыр мен Түлкі айналасына қарап аң таң болады)
Қасқыр Түлкіге:
Қасқыр:Мяя Түлкіжан мына жерде не болып жатыр?
Түлкі:Қандай ғажап,қандай әдемі жер...Қасқыржан,мынадай әдемі жерде,мынадай
мерекеде бізге азық табылып қалар.Балаларды қарашы,қандай әдемі киініп
алған.Мүмкін балалар өнерлі шығар,байқап көрейік.
Қасқыр:Ияяя.....Дұрыс айтасың,Түлкіжан.
Тәрбиеші:Қасқыр мен Түлкі сендер біздің мерекелік кешімізді
бұзбаңдаршы.Балалар бұл мерекені асыға күтті.Қатты дайындалды.Балалардың
өнерін тамашалап көріңдерші.
Қасқыр:Қане,қандай өнері бар екен.Көрейік.
Тәрбиеші:Балалар,би билейміз бе?Ендеше «Лялечка»биін қарсы алайық.
(әуен жүреді,қыздар билейді)
Тәрбиеші:Жарайсыңдар,қыздар.Қасқыр мен Түлкі сендерге ұнадыма?
(Екеуі үндемейді)
Қасқыр:Бізге азық керек.Біздің қарнымыз аш.
Тәрбиеші:Жарайды,жарайды сендерге азық береміз.Балалар азықты қайдан тапсақ
болады екен....
Балалар «Саңырауқұлақ теру»ойынын ойнап,Қасқыр мен Түлкіге саңырауқұлақ
жинап береміз бе?
Ойын: «Саңырауқұлақ теру»
Тәрбиеші:Жарайсыңдар,балалар.Ендеше саңырауқұлақты Қасқыр мен Түлкіге
берейік.
Қасқыр мен түлкі:Біз саңырауқұлақ жемейміз.Бізге басқа азық керек!деп
ашуланып кетіп қалады.
Тәрбиеші:Ой,балалар енді нестейміз.Кімнен көмек сұраймыз?Балалар,менде бір ой
бар.Қанекей,бәріміз мейірімді Бұлтқа қонаққа барайық.Мейірімді Бұлттан көмек
сұрап көрейікші.
Балаларуана келіседі.
(Әуенмен Мейірімді Бұлтқа қонаққа барады)
(Бұлттың әуені ойналады)
Бұлт:Бұл кім?
Тәрбиеші:Сәлеметсіз бе Мейірімді Бұлт!Біз сізден көмек сұрап келіп тұрмыз.Бізде
бүгін мерекелік кеш болатын еді.Бірақ Күз ханшаймымызды Қасқыр мен Түлкі
ұрлап кетті.Оларға саңырауқұлақ теріп,азық беріп едік.Оларға ұнамады.Енді не
істерімізді білмей сізден көмек сұрап келіп тұрмыз.
Бұлт:Жарайды,мен сендерге көмектесейін.Бірақ ен алдымен сендердің қандай
өнерлеріннің бар екенін маған көрсетіңдерші.
Тәрбиеші:Жарайды,менің балдарым өте ақылды,өнерлі.Ендеше балалардың
«Жаңбыр»әнін қарсы алыңыз.
Бұлт:Ой,керемет!Қандай өнерлі баласыңдар.Қазір мен сендерге Күз
ханшайымдарынды қайтарып беремін.
(Мейірімді Бұлт қахарланып,ашуланып,найзағай ойнап,күнді күркіретеді)
Бұлттан қорыққан Қасқыр мен Түлкі Күз ханшайымды босатып жібереді.
(Көңілді әуен ойнап,Күз ханшайымы кіріп келеді)
Күз ханшайымы:Рахмет саған Мейірімді Бұлт,рахмет сендерге балалар.
Мені Қасқыр мен Түлкіден құтқарып қалдыңдар.
Тәрбиеші: Күз ханшайымы жағдайыңыз қалай?
Күз ханшайымы:Жақсы,жақсы тек шаршағаным болмаса.
Тәрбиеші:Ендеше балалар,көңілді мерекелік кешімізді жалғастырайық.Күз
ханшайымның шаршағанын басып,көңілін көтерейік.
Балалар жаңбырдан бізді не қорғайды?
Балалар: «қолшатыр» деп жауап береді.
Қанекей ондаҚолшатыр» ойынын ойнап жіберейік.
ОйынҚолшатыр»
(Балалар әуенмен ойнап жүріп,жаңбырдың әуені ойналған кезде
қолшатырдың арасына тығылып қалады.)
Күз ханшайымы:
Алтын күз қолындағы таяқшасын айналдырып;
-Сиқырлы таяқшам, сиқырла,
Балаларға сыйлығыңды дайында.
Сиқырлы таяқшам, сиқырла,
Балаларды қуантуға дайындал.
Бұлт себетті әкеліп береді. Себетті сиқырлап, орамалын ашып, себет толы
жемістерді балаларға көрсетеді.
Тәрбиеші:Рахмет сіздерге.Балалардың сіздерге арнаған биі бар еді.Соны
тамашалаңыздар.
Би: «Бим бом»
Күз ханшайымы:
Қандай керемет!Өнерлісіңдер,балалар!Балалар сендермен қоштасатын кез
келді. Келесі күз мезгіліне дейін қош сау болып тұрыңдар.
Бұлт:Мен сендерді қонаққа шақырамын.Келесі кездескенше, Сау
болыңдар,балалар!(балалармен қоштасып шығып кетеді)
Тәрбиеші: Осымен бүгінгі ертеңгілігіміз аяқталды. Келіп
тамашалағандарыңызға көп рахмет. Аман – есен болыңыздар.
Алтын күз мерекесіне арналған шара
Тақырыбы: «Жаңбырға қонаққа барамыз»
Жүргізген:Елекенова С.М