Республика күні мерекесімен «Балдәурен» ересек тобы атынан шын
жүректен құттықтаймын! Баршаңызға отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық,
еңбектеріңізге жеміс, мерекелік шат көңіл тілеймін.
Ақжайық, Алтай арасы
Қазақтың шалқар даласы
Республикама қарашы!
Жерімнің дәні маржандай
Қырманы асқар таулардай
Республикама қарашы!
Шолсаң да биік аспаннан
Қарқырар кені тастардан
Республикама қарашы!
Шырқаған сайын тірегі
Республикама қарашы!
І. Әнұран.
Тәрбие сағатын ашу үшін балабақша меңгерушісі Ермекова Нұрлықыз
Азанқызына беріледі.
ШЕТ ЕЛ АЗАМАТЫ:
- Өзі бұл жер қай ел екен, жөн сұрап білейін?!
Жүргізуші:
- Сәлеметсіз бе? Сіз кім боласыз? Қателеспесем, біздің елге басқа жақтан
келгенсіз - ау деймін.
Шет ел азаматы:
- Мен ел аралап жүрген елшімін. Сыңғырлаған балалардың күлкісін естіп,
қай елдің бақытты балалары екенін білейін деп келдім.
Жүргізуші:
- Олай болса, қош келдіңіз! Қазір бізде 25 қазан Республика күніне арналған
тәрбие сағат өткелі жатыр. Балалардан сұрап біліңіз.
Шет ел азаматы:
- Сәлем, балалар! Сендер өте көңілді, әрі бақытты көрінесіңдер. Сендердің
Отандарың, қасиетті мекендерің қай Республика?
Балалар:
- Қазақстан Республикасы.
Шет ел азаматы:
- Президент кім?
Балалар:
- Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Шет ел азаматы:
- Отандарыңның астанасы қай қала?
Балалар:
- Астана қаласы.
Шет ел азаматы:
- Елдеріңіз өзінің қандай қасиеттерімен айбатты?
Балалар:
- Әнұран, Туы, Елтаңбасымен.
Шет ел азаматы:
- Өте жақсы. Осы елдің бақытты ұл - қыздары екендеріңді қалай
дәлелдейсіңдер?
Әмірхан: Отаным менің Қазақстан
Мәңгілік сенімен мақтанам
Саяңда жүрсем әрдайым
Күлімдеп жүрем бақ табам
Отаным менің Қазақстан
Қарызбын саған әрқашан
Азаматтық борышты
Өтеуге мәңгі талпынам
Отаным менің Қазақстан
Атыңнан сенің Айналам
Бас иіп саған өтемін
Жасай бер жаса Қазақстан
Ойын : Рәміздерді құрастыр.
Міндеті: Елге деген ,рәміздерімізге деген құрметін арттыру. Есте сақтау
қабілетін дамыту
ІІ. Хор: «Егеменді Қазақстан»
Жүргізуші:
- Балалар, сендер сүйікті Отанымыздың қасиетті белгілерін біледі екенсіңдер.
Онда Отан дегеніміз не?
Балалар:
- Отан дегеніміз біздің әке - шешеміз, туған туыстарымыз, ауыл
қалаларымыз, өзіміз туып - өскен жеріміз.
Айзере : Отан сенің ата - анаң,
Отан – досың, бауырың
Отан - өлкең, астанаң
Отан – аудан, ауылың.
Ясмина: Отан – атам, Отан - әкем
Осы сөзім қате ме екен?
Қате болса неге біздер
Дейміз оны атамекен.
. Би. Тәуелсіздік биі. Бишілер тобы.
Жүргізуші:
- Балалар, халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы айтқан екен:
«Отан үшін отқа түс, күймейсің»,- деп. Басқа да батыр ағаларымыз,
апаларымыз «Отан» деп жырлаған, қорғаған, қастерлеген және Отан үшін
өмірлерін қиған екен.
Біз де осы ата - апаларымыз сияқты Отанымызды қорғауымыз керек. Отан
үшін еңбек ету керек.
- Сендердің еңбектерің – сендердің жақсы оқығандарың, тәртіпті бала
болғандарың.
- Ал, балалар, біз Отан туралы нақыл сөздер білеміз бе?
V. Нақыл сөздер.
1. Отан – оттан да ыстық.
2. Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі.
3. Отан үшін отқа түс, күймейсің.
4. Оз елің алтын бесік.
5. Халқын сүйген, салтын сүйеді.
6. Туған жердің қадірін шетте жүргенде білерсің. Арайлым.
Жүргізуші: Балалар, егер біз Отанымызды сүйетін болсақ, оның мемлекеттік
тілін жақсы білуге міндеттіміз. Мемлекеттік тіліміз қай тіл?
Азалия : Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл.
Өз тіліңді құрметте.
Гүлдана: Мен оның күнін сүйем,
Түнін сүйем.
Мен оның құдіретті
Тілін сүйем.
Ақерке: Қазақстан халқының
Қазақ тілі тірегі
Ана тілінде айтылар
Әнұраны, жүрегі.
Ойын : Кілемше құрастыру.
Міндеті: Ұлттық ою-өрнегімізді таныстырып, еліміздің баға жетпес асыл
заттарын құрметтеуге үйрету.
Жүргізуші: Балалар біз елшіге өзіміз қолымызбен жасаған сыйлықты естелік
қылып берейік. Қазақстанды ұмытпай жүрсін деген ниетпен.
Шет ел азаматы: Рахмет балалар.
- Құрметті ата - аналар, балабақша ұжымы бүгінгі мерекелеріңізбен
құттықтай отырып, бүгінгі бақытты балаларға өзімнің кішкене ғана
сыйлығымды тапсыруға рұхсат етіңіздер. Қазақстанның болашағы гүлдей
жайнай берсін!
Е.Раяна Мен қазақпын биікпін, байтақ елмін.
Қайта тудым өмірге қайта келдім
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске
Жаса – жаса мәңгіге туған елім.
Осыменен «Балдәурен » тобының қысқаша тәрбие сағатын аяқтаймыз. Көңіл
қойып келгендеріңізге, ынта қойып тыңдағандарыңызға көпте - көп рахмет!
Қызғалдақ бөбекжай бақшасы
«Балдәурен» ересек тобы
25 қазан Республика күніне арналған «Асқақтай бер,
айбынды Қазақстан»
тақырыбында тәрбиелік іс-шара
Тәрбиеші:Саламатова Ж.
2023жыл