Жүргізуші: Қуандырып біздерді, өлкемізге күз келді,
Кел жемісті алтын күз,кемелденсін халқымыз.
Жемісі мол теретін, жомарт екен күз деген,
Бәрін бөліп беретін, жомарт екен күз деген.
-Армысыздар, құрметті қонақтар! Біздің «Бал-бала» тобының «Көңілді сабан той» атты «Сабан тойға»
қош келдіңіздер! Біз бастаймыз!
-Қараңдаршы, балалар, айналамыз қандай тамаша!
-Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз айларын атайықшы.
- Балалар күздің қандай ерекшеліктері болады?
-Күзді неліктен «жомарт күз» деп атайды,
-Себебі, күзде көкөністер мен жемістер піседі, сонымен қатар егін жинау болады. Егіншілер сабан той
жасайды. Егін бітік шығып, қырманын қызылдап, оны төкпей — шашпай, суыққа ұрындармай мезгілінде
жинап алған ел күзде «Сабан той» өткізеді.
Жүргізуші: Көргенде қуанасыз таза әуелі,
Құлаққа естілгендей күз әуені.
Жыл сайын тойланатын төл мерекең,
Құтты болсын «Сабантой» қазақ елі!
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
Ән: «Алтын күз келді»https://youtu.be/2jkrt-Hq_zs?feature=shared
Жүргізуші: Рахмет,өте тамаша!
- Міне,қырмандағы жиын терінде аяқталды. Халық қоймаларын астыққа толтырып, енді демалып,
сабантой жасап жатыр екен. Біз балалармен күз мезгіліне жаттаған өлең шумақтарын айтып, сонымен
қатар балаларымыздың бір тамаша биін тарту етсе!
Балалар күз мерекесіне жаттаған өлең шумақтарын айтады.
Тақпақтар:
Бидай биін билейді.
Адамдар егінді суарып, арам шөптен тазалайды, ал егін мынадай болып жайқалып шығады.Піскен егінді
комбайнмен комбайыншылар орады.Сонан соң дәнін сабағынан ажыратып, бидай алынып машинаға
басылады. Көліктермен қырманға апарылып тазаланып, диірменнен өткізіліп, ұн жасалып, қапталып
наубайханаға апарылады. Наубайханада ұннан қамыр иленіп, нан пісіріледі.Міне дастарханға нан осындай
еңбекпен келеді.
Көрініс.
Диқаншы кіреді.