Мыстан: Ах, қандай пысықсыңдар, ә! Өздеріңді сәндеп, ал мен сол ескі үйшікте өмір
бақи тұруым керек екен ғой! Олай болмайды, мен де әдемі өмір сүргім келеді, ешкімді
де үйіме жақындатпаймын, кіргізбеймін!
Жүргізуші:Балалар мыстанға би билеп берейікші,биімізді ұнатып бізге алтын күздің
қылқаламын беріп қалар.
Би:«Күз ханшайыммен»
Жүргізуші: Қалай, біздің биіміз ұнады ма?
Мыстан:жоқ,мүлдем қызықпадым!
Жүргізуші: Ендеше,бізбен ойын ойнауға қалай қарайсыз?
Мыстан: Ойын ойнасақ, ойнайық! Мен ойынды жақсы көрем!
Ойын: «Картоп жинау»
Ойын шарты: балалар екі топқа бөлініп эстафетамен картопты бақшадан себетке
жинайды, қай топ бірінші бітірсе, сол топ жеңіске жетеді.
Мыстан: Ойбуй! Мен сендермен ойнаймын деп, тірлігімнің бәрі қалды ғой! Уақытым
жоқ, барып үйімнің сырлайын, - деп сыпырғысын алып, үйін сырламақ болады.
Мыстан: Мен түсінбедім, бұл қалай?
Жүргізуші:сен ойын ойнап жүргенде,балалар үйіңді әдемілеп,сәндеп қойды
Мыстан:рахмет,балалар көп жылдан бері үйімді сәндей алмай жүр едім,енді маған
қылқаламның қажеті жоқ,деп қылқаламды жерге тастай салады(сау болыңдар балалар
деп шығып кетеді)
Жүргізуші: Міне, Алтын күз, ала ғой алтын қылқаламыңды
Алтын күз: Сендерге көп рахмет! Мен енді табиғатты бұдан да әдемі түстерге
бояймын!
Жүргізуші: Алтын күз, біздің балаларымыздың өнерін әрі қарай тамашалауға
шақырамын!
Ән «Күз келді,күз келді»
Алтын күз: Жарайсыңдар, балалар!
Көңілсіз музыка қосылады, ағаштардың ішінен жылаған дауыс шығады.
Жүргізуші: Балалар, бұл ненің даусы? Біреу жылаған сияқты ма?
Алтын күз: Мен де біреудің жылаған даусын естігендей болдым, қане кім екен,
көрейікші? Ой, бұл біздің ормандағы ең әдемі тиін ғой! Тиін саған не болды? Неге жылап
жүрсің? Неге көңілсізсің?
(тиінді ортаға алып шығады)
Тиін: Ой, Алтын күз, балалар! Күн болса суып келеді, алдымызда ызғарлы қыс та келе
жатыр. Менің қысқа әзірлігім жоқ, балаларыма әлі қысқы азығымды жинаған жоқпын.
Жүргізуші: Тиін, сен көңіл күйіңді түсірме! Біз саған көмектесеміз!
Алтын күз: Ал, енді, балалар! Тиін қысқа дайын емеспін деп жылап жүр ғой,
балаларына азығын жинап берейік!
Ойын:«Жемістерді жинау»
Шарты: Балалар жерде шашылып жатқан жемістерді жинау керек.
Тиін: Жарайсыңдар, балалар! Рахмет сендерге!мен енді қайтайын.