кәзір көкөністерді шығарайын.
Музыка жүреді. Күз ханшайымы қолшатырын айналдырып
Қолшатырым айналшы,
Куз байлығы, көкөністі,
Қолшатырдан шығаршы.
Көкөніс биі.
Кенеттен күн күркіреп, найзағай ойнап, желдің дыбысы шығады.
Жапырақтар ұшып келеді.
Күз ханшайымы: Ой, ой. Бұл не болды? Менің ғажайып қолшатырымды
ұшырып барады. Енді нестейміз?
Ортаға бұлт пен жел кіріп келеді
Жел: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мені таныдыңдарма? Мен, Желмін.
Сарғайған талдардың жапырақтарын ұшырып жерге түсіремін.
Бұлт: Сәлеметсіңдерме балалар?Мен, Бұлтпын. Мен аспаннан жаңбыр
жаудырамын. Жерді су қылдырамын.
Жүргізуші: Жел, Бұлт. Қоя тұрыңдар. Біз, Күз ханшайымымен, кішкентай
бүлдіршіндерімізбен Күз мерекесін тойлап жатырмыз. Ал, сендер, ортаны су
қылдыңдар. Онымен қоса, жапырақтарды шаштыңдар. Бүлдіршіндеріміз де
жаурап қалды.
Жел: Ой, кешіріңдерші, балалар!
Бұлт: Біз де сендермен бірге Күз мерекесін тойласақ бола ма?
Жүргізуші: Әрине,болады. Бірақ, мына жер әбден шашылып қалыпты. Бұл
жерде, біз қалай ша ән айтып, би билейміз?
Күз ханшайымы: Мен, білемін. Біздің бүлдіршіндеріміз өте еңбекқор.
Кәнекей менің ғажайып қолшатырымның көмегімен жапырақтарды жинап
тастайық
Қолшатырым айналшы,
Шашылған жапырақтарды,
Балалармен әп сәтте жинашы.
Жүргізуші:Ия біздің балалар өте еңбекқор , қазір шашылған жапырақтарды
әп сәтте жинап тастайды. Бірақ мына суды басып кетпеңдер! Әдемі
көйлектерің бүлініп қалмасын, балалар.